№ | Авторлар тізімі | Авторлықтың түрі | ||
Сөзінің авторы | Музыкасының авторы | |||
1 | 2 | 3 | 4 | |
1. | Аңсар Мұсаханов | |||
2. | Әли Алпысбаев |
Ақ әжемнің әлдиіне салатын,
Бар барқытын бесік бөлеп табатын.
Жанарынан жан шуағы төгіліп,
Таңға жуық көз шырымын алатын.
Қайырмасы:
Ана әлемдегі ең қымбатым асылым,
Ана ақ батаңмен тау суындай тасыдым.
Ана аман болшы, аман жүрші анашым,
Жан анам менің...
Күн сәулесін дидарыңнан көремін,
Өмір жолын өнегеңнен өремін.
Ақ жаулықты арда тұлға бейнеңді,
Жүрегімнің төріне мен бөледім.
Қайырмасы