№ | Авторлар тізімі | Авторлықтың түрі | ||
Сөзінің авторы | Музыкасының авторы | |||
1 | 2 | 3 | 4 | |
1. | Алтын Маханбетова | |||
2. | Толқын Қабылша |
Балалық шақтың бал күнін қайта аңсадым,
Баладай сенгіш пейілге ауып аңсарым
Базына айтып, баз кештім мына жалғаннан,
Бал дәурен кетті аралап құмын аршаның
Періште көңіл, пейіштей көрер ертеңін,
Пәк күндер қайда, көк жиек сынды көркемім
Парасат тұнған әлемге енсін дедің бе,
Ұғынып мына өмірдің кейде келтеңін.
Есею бақыт, десек те тарттым азабын,
Екі жүзділер егесін қайтып жазамын
Пендешіліктің ауылын жүрмін аралап,
Таба алмай бала көңілдер сенген ғажабын
Армандар асау, арындап бейне арғымақ,
Тілектер тұлпар, таудан да биік қарғымақ.
Шарқ ұрған сәтте, шығардай шыңға арқырап,
Табаның таяр тайғанақтаудан қар құлап.
Балалық шақтың бал күнін қайта аңсаймын,
Бала боп кезген қырларды таппай шарлаймын
Елесін іздеп біз сенген ертек ғаламның,
Арасын кезем шындықтар жатқан сан-сайдың.
Қайдасың қайда, еліткен менің ертегім,
Тал бойындағы тектілігі асыл тентегім
Есейсем дағы жүрегім сәби кейіпте,
Еркімді алған елестің жырын шертемін.