№ | Авторлар тізімі | Авторлықтың түрі | ||
Сөзінің авторы | Музыкасының авторы | |||
1 | 2 | 3 | 4 | |
1. | Мұқағали Мақатаев | |||
2. | Серікжамал Әжібекова |
Кең далам, сағым далам, айхай далам,
Бір бұдыр жоқ ау көзге шалынбаған.
Кетсе де аспан құлап тарынбаған,
Бойында бір ғаламат сабыр бар-ау, сабыр бар-ау.
Қайырмасы:
Боз далам, күрең далам, жасыл далам,
Жан болмас саған келіп бас ұрмаған.
Құмарым саған деген қанбай қойды-ау,
Ғашықпын саған мәңгі, айхай далам.
Құшақтап шығармаспын деген едім,
Жараттың дәрменсіз ғып неге мені.
Өзіңдей алып болып тумаған соң,
Жүрудің адам болып не керегі, не керегі.
Қайырмасы
Сонда да сүйіп өтем, сүйіп өтем,
Құша алмау сүйе тұра күйік екен.
Дүниенің төрт бұрышын шарласам да,
Мәңгілік өзіңменен жаным бірге, құтты мекен.
Қайырмасы