№ | Авторлар тізімі | Авторлықтың түрі | ||
Сөзінің авторы | Музыкасының авторы | |||
1 | 2 | 3 | 4 | |
1. | Бақытжан Еламанов | |||
2. | Шынар Кендін |
Ел көшсе, қыстаудағы қонысынан
Құт аңқып, бота, тайлақ, қозысынан.
Жамырап, мәре-сәре болатын күн
Үн қайтып, тоғыздардың тоғысынан.
Бұл күнді – ауыл жақта
Амал дейді
Амалға аман жетсін, адам, дейді.
Кешіріп өкпе-назды, қол алысып
Берекеге бастайтын қадам дейді.
Қазақтың бола берсін, әр күні – ырым
Жайнап тұр, қыз-көктемнің көркі бүгін.
Ұлыстың ұлы күні құтты болсын!
Көрісу – төл дәстүрге төркін ұғым.
Бұл күнді – біздің жақта
Көріс дейді
Көріскенге кеңейер, өріс дейді
Құшақтасып, төс қағып, бірін-бірі
Құттықтайды, бірақ та, өбіспейді!
Бұл амал – жыл он екі ай сағынған күн,
Далам да ақша-құтын жамылған күн.
Баласы алты Алаштың амандасып
Бірліктің ұран оты жағылған күн!
Бұл күнді – біздің жақта
Амал дейді
Амалға аман жетсін, адам, дейді.
Өкпе-назды кешіріп, қол алысып
Берекеге бастайтын қадам дейді.