№ | Авторлар тізімі | Авторлықтың түрі | ||
Сөзінің авторы | Музыкасының авторы | |||
1 | 2 | 3 | 4 | |
1. | Аслан Ғафуров | |||
2. | Кентау Назарбек |
Қазақтың қайсар қаһармандары,
Отаннан өшпес от алған мәңгі.
Түсiрмей елдің, тұғырдан туын,
Жеңіспен қайтқан сапардан бәрі.
Қайырмасы:
Жеңіс күні шаттық өмірде,
Жеңіс туы мәңгi көгiмде.
Жеңіс күні жүрек төрiнде,
Жеңiс әнi шырқа елiмде!
Жiгерiн бойда тасытқандарым,
Жеңуге жауды асыққандарым,
Ерлiктiң ерен тұлғасы сендер,
Ел үшін қиған қасық қандарын.
Қайырмасы
Қажымас қайсар қара нарым-ай,
Қатерге төнген қарамадың-ай.
Жеңісім үшін жандарын берген,
Байрағы биік бабаларым-ай.
Қайырмасы