№ | Авторлар тізімі | Авторлықтың түрі | ||
Сөзінің авторы | Музыкасының авторы | |||
1 | 2 | 3 | 4 | |
1. | Марита Қабижанқызы |
Алғырлықпен өрлейміз қарлы шыңға,
Кедергі емес аяз да шаңғышыға!
Қазағымның көк туын желбіретіп,
Бөленейік, жанкүйер алғысына!
Қайырмасы:
Әппақ қарлы даласын сүйіп жердің,
Әнұранын шырқатсақ сүйікті елдің!
Алға ғана талпынар шаңғышылар,
Бағындырып шыңдарын биіктердің!
Қар үстіне із тастап соңдарында,
Елемейтін суыққа тоңғанын да!
Шаңғышымыз самғайтын қыран құстай,
Сан қатпарлы тау-тастың жолдарында!
Қайырмасы
Бойымыздан күш-қуат тарқамаған,
Қиындықтан ешқашан шаршамаған!
Біз жастармыз спортты серік етіп,
Ел үмітін сеніммен арқалаған!
Қайырмасы