№ | Авторлар тізімі | Авторлықтың түрі | ||
Сөзінің авторы | Музыкасының авторы | |||
1 | 2 | 3 | 4 | |
1. | Гүлбаршын Қасиетова | |||
2. | Сәуле Карабалина |
Көк майса белдеріңмен сұлуланған,
Жазира кең алқапты дархан далам.
Сарыөзен саясында Әжібайым,
Туған жер, сырлы өлкем қымбат маған.
Қайырмасы:
Жылы жүзбен қауышқан,
Жаны жаздай ауылым.
Алыс кетсем сағынтқан,
Аңсап жеткен ауылым.
Жаныма ыстық маған сағым-қырың,
Сыр шертсем таныс білем саған мұңым.
Балалық балғын дәурен өткен сәтті,
Еске алсам өскен ортам сағындырдың.
Қайырмасы
Есімде самал есіп өбкен лебің,
Ғажайып нұр сәулеңді төккен елім.
Көркейіп күннен-күнге гүлдене бер,
Жүректен мәңгі өшпейсің туған жерім!
Қайырмасы