№ | Авторлар тізімі | Авторлықтың түрі | ||
Сөзінің авторы | Музыкасының авторы | |||
1 | 2 | 3 | 4 | |
1. | Төлеужан Ғұмаров | |||
2. | Ғабит Тұрсынбайұлы |
Малынған нұрға даланы,
Мұраға бабам қалдырған.
Адамдық ақыл-сананы,
Дарытып бойға қондырған.
Қастерлі әрбір сүйемін,
Қазақтың жері киелі.
Анамның тиген табаны,
Жерімді мәңгі сүйемін.
Өзені, көлі, тау-тасы,
Етене жақын – тым ыстық.
Шалғынға жасыл аунашы,
Құшағын ашсын тыныштық.
Жаның да бір сәт жай табар,
Осындай жұмақ қайда бар?
Қазақтың жері киелі,
Жаһанға жар сап айта бар!
Кімдерге пана болмады,
Қазақтың елі саялы.
Нәубеттен қиын қорғады,
Алақанға сап аялы.
Бірлікті тұтқан қасиет,
Салт-санаң қандай асыл еді.
Қазақтың жері киелі,
Бар әлем саған бас иеді.