№ |
Әннің атауы мен авторлары | Әннің бір немесе бірнеше орындаушылары |
1 | 2 | 3 |
1. | Бір болайық Сөзі: Баршын Ізбасар Әні: Айтмұрат Төреғали | |
2. | Болдым ғашық Сөзі: Баршын Ізбасар Әні: Арайлым Саттарова | |
3. | Мен сені жақсы көрем Сөзі: Баршын Ізбасар Әні: Матқұлбек Маясаров | |
4. | Наурыз Сөзі: Баршын Ізбасар Әні: Әйгерім Сырлыбаева | |
5. | Сезім сыры Сөзі: Баршын Ізбасар Әні: Арайлым Саттарова | |
6. | Әйелді сүй Сөзі: Баршын Ізбасар Әні: Бауыржан Смағұлов |
Елең қылмай саясаттың әмірін,
Талай қыршын қиылды ғой, Тәңірім.
Тәуелсіздік келген жоқ қой бізге оңай,
Ұғайықшы, білейікші қадірін.
Үзбек болып талпынғанмен тамырын,
Өшірмек боп үрлегенмен жарығын.
Желтоқсанның алауынан жалынды,
Қазағымның қайсарлығын таныдым.
Көргенімен, шеккенімен азабын,
Жеңілмеді, берілмеді қазағым!
Көрсете алды көгергенмен денесі,
Рухының биіктігін, ғажабын.
Еркіндіктің шынайы ұғып маңызын,
Желтоқсанда тамған қанның әр ізін.
Бүгінгі ұрпақ, басыңды иіп, тік тұрып,
Еске алу, аза тұту парызың.
Сағындым деші,
Сан ойдан санам серпілсін.
Жаныңның сезіп өртін шын.
Қызыққа толы сəттердің,
Қызығын қайта келтірсін.
Сағындым деші,
Құс болып көкке ұшайын.
Көңілдің мұңын тұсайын.
Əлемнің шуақ, шаттығын.
Құшағыма алып қысайын.
Сағындым деші,
Бақыттың дəмін сезейін.
Бақыттың бағын кезейін.
Мұңая қалсам басынар.
Өзге емес, менің өз ойым.
Сағындым деші,
Кетейін мұңнан арылып.
Шаттыққа еріп, бағынып.
Миымды бір сəт босатып.
Жүрейін сені сағынып.
Сағындым деші,
Жылысын тоңған мұз денем.
Жылы сөз бəлкім, бізде кем.
Өзіңнен алған жылумен
Барайын жаз боп күзге мен.
Сағындым деші,
Қуанайыншы балаша.
Сезініп бір күй жаңаша.
Қалдырма сенен өтінем.
Ойларымменен оңаша.