Автордың толық аты-жөні: Зәкәрия Хасен Қайроллаұлы.
Туған жері: Шығыс Қазақстан облысы, Күршім ауданы, Қойтас ауылы.
Әкесі. Мамандығы: Қайролла Зәкәриянов. Мал шаруашылығы маманы.
Анасы. Мамандығы: Қайникеш Алдабергенқызы. Үй шаруасы.
Жары. Мамандығы. Балалары. Мамандығы: Гүлжан Зәкәриянова – салық саласының маманы, Есен Зәкәриянов – әскери қызметші, Асан Қайролла – метталлург, Үсен Қайролла – алғашқы әскери дайындық пәнінің мұғалімі.
Білімі
Алғашқы мектебі. Сынып жетекшілері: Шығыс Қазақстан облысы, Күршім ауданы, Қойтас ауылындағы Қойтас орта мектебі.
Жоғарғы оқу орны. Қандай мамандық бойынша білім алдыңыз? Тәлім алған ұстаздары: Шығыс Қазақстан Мемлекеттік университеті – филология факультеті.
Өнер жолын таңдау себебі: Ақындық өнер мектеп қабырғасында таныла бастады. Әскерде полк ақыны атанды. Еңбектері газетке шығып, талпындырды. Сазгер Оралхан Көшеровпен танысып, бірге ән жазды.
Спорт
Спорттың қандай түрімен шұғылданасыз? Бұл спорт түрі Сізге несімен ұнайды?: Ережесіз жекпе-жек. Батыл болуға тәрбиелейді.
Сіздің ойыңызша, еліміздің спорт саласында қандай басты мәселелер бар? Оларды шешуге сіздің ұсыныстарыңыз: Әлемдік деңгейде жақсы нәтиже көрсету үшін - чемпиондар, спорт шеберлерімен, спортпен кәсіби айналысатын спортшылармен тиянақты жұмыс істеу керек. Олардың бағдарламасы әуесқой спортшылардан бөлек болу керек.
Біздің ақпарат
Туылған күні: 1960-04-07.
Шығыс жұлдызнамасы бойынша белгісі: Тышқан.
Зодиак белгісі: Тоқты.
Сүйікті көлігі: Тойота.
Сүйікті орындаушы: Майкл Джексон.
Сүйікті актері: Асанәлі Әшімов.
Сүйікті киносы: Анаға апарар жол (Берік Айтжанов, Болат Әбділманов, Азамат Сатыбалды, Еркебұлан Дайыров, Аружан Жазылбекова). Қазақстан, 2016.
Сүйікті жазушысы: Қабдеш Жұмаділов.
Сүйікті кітабы: Тағдыр. Қабдеш Жұмаділов.
Сүйікті тағамы: Тұшпара.
Сүйікті спортшысы: Геннадий Головкин, бокс.
Сүйікті мезгілі: Көктем.
Өмір және көзқарас
Сіздің махаббатқа деген көзқарасыңыз. Сіз махаббатқа сенесіз бе? Шынайы махаббат қандай болуы керек?: Махаббат бар, ғашық болдым. Махаббатты қадірлей білу керек. Махаббат әртүрлі жолмен келеді, әртүрлі болып бітеді.
Сіздің достыққа деген көзқарасыңыз. Сіз достыққа сенесіз бе? Нағыз дос қандай болуы керек?: Достыққа сенемін. Дос өмірде көп болмайды. Көп сыннан өткен адам ғана нағыз дос болады. Басыңа қайғы түскенде, кез-келген адам көңіл айтып жанашыр бола алады. Ал, басыңда үлкен бақытты кездер болғанда, тек саған жақын, шын достар ғана қуанышыңмен бөліседі.
Сіздің ойыңызша, еліміздің білім саласында қандай басты мәселелер бар? Оларды шешуге сіздің ұсыныстарыңыз: Бұрынғы кездегі бағалаудың емтихан жүйесі жақсы еді. Қазіргі тестілеу жүйесі – дұрыс емес. Берілген жауаптардың біреуі дұрыс болғандықтан, кездейсоқ таңдау арқылы білімсіз адамдар жоғары баға алып кетуі мүмкін.
Сіздің ойыңызша, еліміздің өнер саласында қандай басты мәселелер бар? Оларды шешуге сіздің ұсыныстарыңыз: Жаңа әндерге қойылатын талап, тексеріс жоқ.
Бұрын әнді радиода шығару үшін, ол ән белгілі ақындар, белгілі композиторлар тексеруінен өтетін, тек сол тексерулерден өткен соң елге тарайтын. Қазір ақшаң болса, сенің әнің радиода да, телевизорда, интернетте де шырқалып жатады.
Сіздің ойыңызша, қандай мәселелер адамзат үшін жаћандық мәселе болып табылады? Оларды шешуге сіздің ұсыныстарыңыз: Су мәселесі. Қазақстанмен көршілес Қытайда өңірлерінде өндірістің дамуына байланысты Ертіс өзенінің азайып кету мүмкіндігі бар, ол азайса Өскемен, Семей, Павлодар, Ресейдің бірталай аймақтары жапа шегуі мүмкін.
Автор (орындаушы) туралы қосымша ақпарат: - Қазақстан Жазушылар Одағының мүшесі.
- Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі.
- Дидар газетінің Күршім ауданы бойынша меншіктік тілшісі.
- 6 кітаптың авторы.
- Күршім ауданына айтыстан 7 мәрте бас жүлде алып келген.
- Күршім ауданының құрметті азаматы.
Сұрақтарға жауап берген кім және/немесе сауалнаманы толтыру барысында қолданылған ақпарат көздерінің тізімі: 2 шілде 2022ж., сұхбат берген автордың өзі. Сұхбаттасқан Асыл Ақшолақов.
Фото суреттер галереясы
Сиқыршы Ғабдылкамал Қоңқараев, әнші Жанар Айжановамен бірге. Алматы, 2014