№ |
Әннің атауы мен авторлары | Әннің бір немесе бірнеше орындаушылары |
1 | 2 | 3 |
1. | Достар жыры Сөзі: Тұрдыбек Жүнісұлы Әні: Марат Оразаев | |
2. | Марқакөл вальсі Сөзі: Гүлнар Рақымжанқызы Әні: Тұрдыбек Жүнісұлы | |
3. | Туған жер Сөзі: Тұрдыбек Жүнісұлы Әні: Беделбек Нұрғалиев | |
4. | Қиялдағы ару Сөзі: Тұрдыбек Жүнісұлы Әні: Ерболат Әділбаев |
Асқақтаған абыройдан не пайда?
Бір бүйрегің елге қарай бұрмаса,
Елжіреген жүрегіңнен не пайда,
Сағынышың алып ұшып тұрмаса.
Ақын жанды тектіліктен не пайда?
Ішіп-жеуді паш етіп бір жырласа,
Ел басқарған санасыздан не пайда?
Түсінбесе, астарлаған жырды аса.
Сіз-біз деген, пейіліңнен не пайда?
Құлқын үшін намысыңды таптаса.
Бірге жүрген дос-жораңнан не пайда?
Шындық айтсаң көрместейін даттаса,
Сен бақытты болғаныңнан не пайда?
Маңайыңда кедей-кепшік қаптаса.
Төрт қабатты, биік үйден не пайда?
Туғандарың келіп-кетіп жатпаса.
Міне ағайын осындайдан сақтасын,
Бір тәңірім, біздің ұлтты сақтаса.
Ел болармыз Алаш салған ізбенен,
Қиындықта бірін-бірі сатпаса.
Бақыт, бақыт,
Бақыт деген барма шын?
Бақыт деген,
Ол алтыным – анашым,
Сол бақытты мен анаға теңер-ем,
Сезімі мен, аймалаған баласын.
Ал, әкешім,
Биік тұлғам дара шың,
Ақылымен жазған жүрек жарасын,
Самайынан әппақ селеу байқалып,
Пейілінен қөрем қазақ даласын,
Бауырларым, арқа сүйер ұлысым,
Сірә, оларсыз, алға тартпас бір ісім,
Ағайыным берекені сақтаған,
Осы менің – бақытым да, ырысым.
Ағайын,
Ақтарайын ойымды бір,
Біреулер мәнсап қуып тойынып жүр,
Дүние-ай, алдамшы екен өтетұғын,
Өмірің сахнадай қойылым құр,
Бір күндік,
Күн көріс па ойымызда,
Ар, намыс, қалмағандай бойымызда,
Ұрпақтың ертеңіне көз жүгіртсең
Айналар шер боп, қатып, ойың мұзға,
Бескүндік,
Берген екен сынағын бұл,
Тағдырда қалт жібермес қырағы бір,
Ақиқат айтылмаса сөзім жетім,
Қоғамда, шешілмей еш сұрағым жүр,
Таңдайым,
Қағылдың-ай қақпасамда,
Айтайын кейбіреуге жақпасамда,
Шындықты, мен айтпасам кім айтады?
Мейлі сен, ақта мейлі даттасаңда,
Көңілім,
Босағанмен не дей алам,
Демейін қошеметке кедей балаң
Жақсыдан, жаман туған заманда бұл,
Бәйгенің алдын бермес өңкей надан,
Ал, енді,
Жырымды бұл тәмәмдайын,
Қозғадым, иә, біраз қоғам жайын,
Көз салсам, ей, ағайын болашаққа,
Бұлдырап байқалмайды тұмандайын.
Өмір – үміт, өмір – бақ , өмір – жылдам!
Сол өмірің тұрмай ма асу-қырдан?!
Сен ақынсың жүрегі елжіреген,
Қуат алған бойына өлең-жырдан,
Өмір – тағдыр, өмір – сән, өмір – тәтті,
Пендесіне сый қылған әрбір сәтті,
Сен ақынсың түңілме сынағына,
Шабыт деген қай кезде тыным тапты,
Өмір – көңіл, өмір – сын, өмір – арман,
Ей, дүние-ай, өтерсің бір күн жалған,
Сен ақынсың, жасыма көтер басты,
Қайран бес күн, па, шіркін кімнен қалған,
Өмір – жарыс, өмір – ар, өмір қатты,
Табыт пенен бермеген мәңгі тақты,
Сен ақынсың шындықты жырлағанда,
Ақ-қарасы жалғанның жылап жатты,
Өмір – қызық , өмір – мін, өмір ашты,
Қу-құлқын бар ойлатқан қара басты,
Сен ақынсың ел жайын дат ететін,
Сын сағатта бұққаның жарамасты,
Өмір – жылың, өмір – ай, өмір – күнің
Таластырған тағдырмен көрмей тыным,
Сен ақынсың ел-жұртың баға берер,
Уа, ақындар, түбінде осыны ұғын.
Ей, заман-ай,
Мың бұралып құбылып тұр,
Тірелген алды құз ба тығырық бір.
Ібілістің ұраны тайраңдаса,
Ақиқаты,
Қарайды-ау тығылып құр.
Ей, дүние-ай,
Алдамшы қарасаңыз,
Неліктен аптығамыз-таласамыз.
Нәпсінің жетегіне еріп бірде,
Ал, кейде,
Жусаннанда аласамыз.
Біреуге,
Жалаңды әкеп жаптырасың.
Білмеймін,
Қайсы нақақ, қайсы расың?
Шындық айтқан,
Пендеңді көрге сүйреп,
Жағымпаздың үмітін жандырасың.
Иә, солай,
Өзің мен жарыса біз,
Байлығыңа бас ұрып алысамыз,
Бәрі өткінші,
Ериді қолда тұрмай,
Қона қалған болжаусыз дарыса мұз.
Есебінде,
Берерміз пенделіктің
Шындық іздеп өтпеген сенделіп кім?
Ей, жалған-ай,
Түсіндім кеште болса,
Ертеректе мен бәрін тең көріппін.
Жартасқа бардым!
Айғайды салдым,
Оданда шықты жаңғырық -
Дегендей Абай, бүгінгі күнді
Кеткен екен ғой ән қылып.
Тойынған пендең нәпсіге көнген,
Шығарған содан сан қылық
Бір-бірін аңдып,
Бақ талас шіркін,
Келеді таңды-таңға ұрып.
Басына би боп, өңкей қиқымың
Кеткендей заман,
Кер боп сиқымы,
Алқымдап алған әттең-ай әттең,
Сіңдіріп бойға қалың ұйқыны.
Оянып жұртым,
Ұйқыңды қашыр,
Бабалар өткен сүйегі асыл,
Тіліңнің көтер мерейін асқақ,
Кемдігің болса ішіңде жасыр,
Ертеңгі күнің
Жалғасын тапсын,
Ұрпақпен мәңгі ғасырдан ғасыр.
Кімге айтайын!
Сырымды мазалаған?
Неге бәрін, түртпектеп қазады адам?
Жүрегіме батады, сұққылайды,
Адамды, адам, неліктен жазалаған,
Сөз қылады, сыртыңнан мақтап алып,
Осындайлар, қоғамда қаптады анық.
Өзі араңнан, шығады екі жүзді,
Жүргеніңде ойы арам, жатқа қанық.
Түсінбедім, мен әлде қателестім?
Кешірмейді-ау, білемін қатеңді ешкім.
Жанталасып, әркіммен жүргеніңде,
Өте шығар, қас қағым, мына бескүн.
Иә, бірақ, уақыт дес бермейді,
Адалдықты, неге ешкім ескермейді?
Пенделерміз, тірлікте асыққанмен,
Жаратушы, барлығын кеш тергейді,
Кеудемізді керіп ап, асынамыз,
Кейбіреуді тіпті кеп, басынамыз,
Тәубә айтып, қаламыз нем құрайлы,
Өлгендердің барғанда басына біз.
Өмір солай өтетін кезегімен,
Әркім асып тағдырдың кезеңінен.
Бейқам кетіп барамыз ойланбастан,
Мың сұрақ кеп алады өзегімнен.
Кімге айтайын сырымды, кімге барып?
Өкпелейін несіне түнге налып.
Ішіп-жеуден қолымыз босамай жүр,
Бір күндікке жүрміз-ау өліп-талып.
Зәулім үйге!
Қызығамын неліктен?
Қымбат көлік, көңілді әркез еліткен,
Бірақ өмір, шүкір етем барыма,
Сабырсыздың, ауылыннан келіппе-ем?
Еңселі үй, бақыт берсе мәңгілік,
Ешкім кірмей, тұрар ма, әлде жаңғырық?
Ағайының шет айналса көрместей,
Кімге керек, жүргендігің танылып,
Жүйрік көлік, апарар ма, жұмаққа?
Көп ойландым, жауабы жоқ сұраққа,
Дүниеге қызыққанмен ей, жалған,
Ақиретті, ұмыттырма бірақта,
Мейлі кіммін? Иман берсін жүрекке,
Пейіліңмен, қабыл болар тілекте,
Сәби қылып, жіберді Алла, тап-таза,
Сол тап-таза, жүрегімді кірлетпе.
Мұқа аға!.
Сыр шертейін кінәлама,
Онысыз да, көтеріппін кінәні аға.
Өйткені бізде шындық жазылмайды,
Елді алдап, батып жүрмін күнәларға.
Уа, аға,
Сеземісің мұны бірақ?
Тағдырдың берген басқа сыны да нақ,
Қайтейін, мұң шағамын келемдағы,
Табылмай жауабы жоқ тұр мың сұрақ.
Өткірлеу өлеңіңнен сыр іздедім,
Тізбектеп қойғандайсың жыр тізбегін.
Өзің айтқан кешегі Қасымдардай,
Ағып түскен бір жарық жұлдыз едің.
Мұқа аға,
Сен мені шын танимысың?
Өр мінезім шыдатпай жаниды ішін,
Апыр-ау, пенделікте басым неге?
Алдамшы екені рас, фәни мүсін,
Білмеймін,
Мұңы басым ақындардың,
Жалт еткен, жалын отқа жақындар кім?
Мұқа аға, сендерсіңдер шыныменен,
Ұрпағы, кешегі өткен асылдардың.
Уа, не дейін!,
Ұқпадым түсінбедім?
Шошытардай кірді екен түсіңе кім?
Иттің құқын, қорғадың е, масқара,
Тақпаушы едім, дәл бұлай ісіңе мін,
Текті елді тексіз ғып барасың дәл,
Бұқараның быт-шыт қып арасын дал,
Ит талаған сәбиді елемедің,
Түкіргенге айып пұл саласың да.
Билік неге барады ұсақталып?
Тойынғанға қалғандай ұқсап та анық.
Балта шауып, қолымен ертеңіме,
Келісімсіз қытайды құшаққа алып,
Ей, дүние-ай тағы да сынаймысың?
Қақ жарылып, көкірек жылайды ішім,
Ұлтын сүйген, ұл-қызын жау көрсең де,
Ақиқатын бұл тарих жырлайды шын.
Оқырманым!
Пікір жазып, сынап тек отырмағын,
Талда бəрін жырымды жылап жазған,
Қалаймын мен, әр шумақ оқылғанын.
Оқырманым!
Дей алмаймын айнала соқыр маңым,
Тектілер бар, ойлаған болашақты,
Ойға батып көрген-ем отырғанын.
Оқырманым!
Бекерме таңды жырмен атырғаным?
Ұрпақтардың ертеңі алаңдатты,
Қан төгуге емес бұл шақырғаным.
Оқырманым!
Жанға батты халқымның ақырғаны,
Бəрін сатып өзгеге дүниенің,
Бай байыды кедейдің пақыр жаны.
Оқырманым!
Халқым барда несіне тосыламын,
Жырды биік қоятын ауқатынан,
Əр қазақтың шырқалсын қосында əнім.
Оқырманым!
Текке жүріп демейін топырлағын,
Тəуекел ет, тас шайна жерің үшін,
Ар алдында сыйласаң топырағын.
Оқырманым!
Қол қусырып жарамас отырғаның
Көк теңіздей толқыны заманымен,
Зулап өтіп жатқаны-ай ғасыр ағын.
Оқырманым!
Көз жүгіртер желі де отырған мың,
Жыр парақтың осылай қайырмасы,
Айып па екен, бірлікке шақырғаным?...
Қарайлаймын жаутаңдап жас шағыма,
Өте шығар ғұмыр-ай қасқағымда.
Уақыттың жүйрігі желдей есіп,
Біраз жастың асыппын асқарынан.
Пай-пай шіркін, күнді өткен сағынамын,
Уақыттың түсірмей сағына мін.
Шүкір айтып, келемін әр таңының,
Жарқыратып сыйлаған бағына мың.
Иә, менде пендемін асыр салған,
Өлместейін күтіп тұр ғасыр алдан.
Қызғалдақтай жайнаған қайран жастық,
Оралмайсың амал не бүршік жарған,
Еркелігін, көтерген баласының,
Бүгін қалды, сағыныш-арасы мұң.
Әке берген ақылың бойға сіңіп,
Ақ сүт емген ананың баласымын.
Тұрдыбек Жүнісұлы,
Алайыншы, бауырыма басып бір,
Қайран көңіл, сағыныштан тасып тұр.
Сенде тудың, мені туған өлкеде,
Ойнақтаған ботасындай асып қыр.
Ол киелі, туған жерім мекенім,
Бәрі туыс, жоқ жат бауыр бөтенің.
Арман құсын, ауыздықтап міндім де,
Әлі есімде қырдан асып кеткенім.
Сағынамын, құшағын кең жерлестің,
Емеспін-ау, қыр гүліндей кербез тым.
Бұл жалғанда, жыр арнасам сендерге,
Арманым жоқ өмірге екі, келмеспін.
Ей, балалық қалдың артта алыстап,
Мына уақыт, енді кіммен жарыспақ.
Қанша көзге ілмесемде ойпырма-ай,
Жүрген емес бір сәт менен қалыс-қап.
Жастығымның ұрлап нұрын, ажарын,
Ей, уақыт санамды әбден қажадың.
Кешегі өткен балғын шақтың сен бүгін,
Тараттың-ау, той-думанын базарын.
Өткен күндер, оралмайды, кеш, енді,
Кімнен алам, кім береді есемді.
Мың айналып, көз жүгіртсем сол шаққа,
Таба алмадым, ойын қуған көшемді.
Қайран уақыт, неткен жүйрік жылдамсың,
Биік тұлғаң ғасырдан да жылдан шың.
Әркімдердің жастық шағын ұрлап-ап,
Өкіндіріп, сауық-сайран құрған шын.
Өмір заңы осылай ма кім білген?
Жетелейді, жылдам уақыт бір-бірден.
Бірі қартқа, бірі артқа жаутаңдап,
Ал, жастығым сағым болып тұр күлген.
Ойға баттым түнімен көзімді ілмей,
Шам жағалап ұшқандай төзімді үрлей,
Көбелек пен сырластым ісім түсіп,
Ақ-қарасын өмірдің өзім білмей,
Иә солай, өткіздім түндерімді,
Шел басқанба апыр-ау күндер мұңлы?
Алдамшы өткен, дүние-ай сеннен гөрі,
Денсаулықтың қадірі болған құнды,
Сіз-біз деген, сыйластық құрдымдағы,
Қашан жанып, жарқырар қырдың бағы,
Ақиқаттың тізесін бүк түсіріп,
Шығалмай жүр құрсаудан шындық әлі,
Түсінбедім, бұл қалай кім біледі?
Теңдік үшін соқпады сұм жүрегі,
Ана байғұс азаннан айғайлайды,
Орындала қоярма шын тілегі?
Мұңға малып, жанарын пендесінің
Тойынбаған топрақ теңдесі кім?
Тайраңдатып бескүнді қойсаңдағы,
Мәңгі өмір сүрмеген жерде ешкімің ,
Заманыма, кінә артам несіне мен,
Сыйа алмадық апыр-ай төсіңе кең
Біреулерді тойдырып, ал біреуін,
Тарықтырып қойдыңба несібеден?
Өткен талай, дана да, мұрагері,
Тағдырына мойымай құба белі,
Жер жаһанда әйгілі аты қалған,
Ақанның да өлмеп пе еді құлагері.
Әке сенің!
Көргенде келбетіңді,
Сағынышым, жыр төгіп тербетілдің.
Уақыт пен таласып жүрсемдағы,
Есіме алам, ойланып өткенімді.
Таңдарымда, арман көп жетелеген,
Ілесемін, соңынан кете берем,
Сен жанымда, жоқсың-ау, бірақ-бірақ,
Өзгермейді, ббБағытым әке көрген.
Иә, әке, өзіңмен мақтанамын,
Жан сырымды, сезсеңіз ақтарамын?
Керек емес, дүние басқасы да,
Тек, жырымнан, түбі бір, бақ табамын.
Сағынышым сарғайды сізге деген,
Кездесердей бұл көңіл, күзге де елең.
Әттең ұлға, деуші еді, әке сыншы,
Үмітім көп, қайтейін сырға терең.
Қадырыңды білмеппін барыңызда,
Көкіректің қатқаны-ай, ары мұзға.
Жанарымның сел болып тамшылары,
Сағынышы қалды тек, арамызда.
Өткен күнді түсірдің-есіме әке,
Өкініштен өртенем несіне әке,
Еркелігін балаңның асыр салған,
Өр рухың мен сен бүгін кешір әке.
Қарасам бір өмірдің ағымына,
Әй, көнбейді-ау пенденің шағымына,
Мен де өмірді әу бастан жақсы көрем,
Көңілімнің сынсада сағы мына,
Кейде биік көтеріп құлатады,
Сезем бақыт таңы бар, бір атарың
Қайшы алысқан, өмірдің қонағымын,
Шыда жаным, шыдай түс, шыда тағы,
Арманым мен, жарысам шыңға биік ,
Қалып тұрам, сонда да, сынға күйіп,
Өмір деген, үміттің шоқ-жұлдызы,
Үзілмесе, береді-ау үйіп-түйіп,
Сан ойларым сан-сақты аралайды,
Кездесіп те тұрады ара-қайғы,
Өмір атты өзеннің кемесін де,
Кейде зіл сөз жүректі жаралайтын,
Кеш ұғыппын өткен күн сағынышым,
Қайнап жатыр от болып, жалын ішім,
Бұл өмірден іздеймін орынымды,
Әй, қайтейін, бүгінгі бағым үшін..
Өмір кезек, біреуді сыбатады,
Қарамайды, шықса да, шыңға атағы,
Өмір солай, күлдіріп тұрады да,
Тағдырыңа айдап сап, сынатады.
Сынатады, аямай сынатады,
Сынағына, салса да, шыдатады.
Көңіліңе, қарамай жылатып-ап,
Маңдайыңнан, сипап-ақ жұбатады.
Өмір кезек, шалып та, құлатады,
Білдірмейді, ес-түссіз сұлатады.
Үмітіңе, деметіп қолтығыңнан,
Сайраң күннің тағы бар, бір атары.
Бірақ бұны біреулер кеш ұғады,
Ренжіту мен өксітіп-кешу тағы.
Ей, дүние-ай, айналып келместейін,
Жанып тұрып, бір-ақ сәт, өшу бағы.
Өмір кезек, көкке алып, көтереді,
Сабырлының еңбегі өтеледі.
Өмір солай, теңдігін ұстамаса,
Пендешілік басым боп, кетер еді.
Біз актёрмыз, өмір – кино білгенге,
Бәрі өзгеріп, шыға келер бір демде.
Алдау-арбау, қатар жүрген ілесіп,
Алдамшы дос, күншіл дұшпан іргеңде.
Иә, иә, иә солай, шындығым,
Сүріндірген, білем талай, сұмдығын,
Жылпостар көп,мәнсап үшін бір күндік,
Жарға итеріп, аяп жатыр кімді-кім?
Көрерменбіз, бәрін сырттай қараған,
Мән бермейміз, ойы бөлек әр адам.
Тектілердің шалдырамыз аяғын,
Шықса бір сәт, бас көтеріп арадан.
Түсірілім, алай-дүлей сан қилы,
Бірде тоқтық бірде жоқтық қам күйлі,
Пенделіктің рөлін сомдап келеміз,
Біреу ұқса,біреу ұқпас ән-күйді.
Өмір солай, әртіс еткен біздерді,
Бөліп қойған, сахнада жүзге елді,
Көктем шыға, жадыраған қам көңіл,
Күні жетсе, мұңы басым, күзге енді,
Біз актёрмыз, солай болу заңдылық
Бескүн жалған, берілетін тым, кемді.
Жастық шақта
Уақыт бар, күш те бар.
Алқынбайсың
Мейлі ауыр іске дәл,
Ақша деген
Ұстамайсың қағазды,
Міне осылар
Сол балалық тұста бар.
Жігіт кезің
Күшің де бар ақша да,
Ойын қуып
Бұрылмайсың басқаға,
Уақытты
Жеткізе алмай әй-әттең
Оңды-солды
Басты ұрасың тасқа да.
Ал, кәрілік
Келген кезде уақыт,
Ақшасы мен
Тұратындай жұбатып,
Әлің кетіп
Саябырлап күшіңде,
Жиі-жиі отырады жылатып.