MediaStar.kz
Қазақ әндерінің деректер қоры
Жүйеге кіру
Электронды пошта:
Құпиясөз:

Құпиясөзді ұмытып қалдым

Тіркелу









Өнер жолы
Майра Меңлібаева
Автордың өнердегі есімі (автор халыққа қандай есіммен таныс):
Майра Меңлібаева
Топтама нөмірі және автордың деректер қорына тіркелген күні:
№32, 30 желтоқсан 2023 жыл
Өнер жолы:

«
»
Автор әндерінің тізімі



Әннің атауы мен авторлары Әннің бір немесе бірнеше орындаушылары
1 2 3
1.Ағаларым
Сөзі: Нұрғали Ыбырай
Әні: Әлібек Тойлыбай
2.Киелі Түркістан
Сөзі: Майра Меңлібаева
Әні: Жұмагүл Байділдаева
3.Сүйіктім
Сөзі: Майра Меңлібаева
Әні: Айзада Бекенқызы
4.Таңғы елес
Сөзі: Майра Меңлібаева
Әні: Әлібек Тойлыбай
5.Туған жер
Сөзі: Майра Меңлібаева
Әні: Жұмагүл Байділдаева
6.Шырайлы Шардара
Сөзі: Майра Меңлібаева
Әні: Жұмагүл Байділдаева

Автор өлеңдерінің тізімі
Бұл бөлімде әлі музыкасы жазылмаған автордың еңбектері жинақталған

Ұлылар жырлап мәңгілік елдің тағдырын,

Ойламады да, болар деп бұлай барлығын.

Төл тілім үшін, жоғалтсам да мен барымды,

Жүректе шер боп, көңлімде ауыр қалды мұң.

 

 

Ақындарым ғой, жер ана сені жырлаған,

Соларға айғақ, болумен бүтін тұр ғалам.

Жазықсыз бекер, жазаны тартқан боздақтар,

Үшін де бұл күн, уа заман әбден сын саған.

 

 

Қазақ тілімді, ететін жыр ғып толымды,

Көп қой бұл күнде, жазатын ойға қонымды.

Өз тілім үшін, жоғалтсам да мен барымды,

Шәкірттер мендік, жалғайды мәңгі жолымды.

 

Анашым, сенсің менің бақ жәннатым,

Лайықты өмірде ең мақтанға тым.

Сен маған риза болсаң қуанар ем,

Арманым орындалып ақталса шын.

 

 

Ананы құрмет тұту ұлы парыз,

Татыр ек, сөйтсек қымбат құнына біз.

Жақсының қайдан келіп қонақтарын,

Ананы қадірлесек ұғынамыз.

 

 

Анам менің ең асыл қазынам шын,

Дерт тапсам әлдиінен жазылам шын.

Уа Тәңір, анам күліп аман жүрсе,

Өзіңе жоқ ешқандай базынам шын.

Бал-бұл жанған балалық балғын шағың,

Болсын сенің болашақ алдың бағың.

Той бергенде есімде, қалың жүртқа,

Қызығыңмен ойынды жандырғаның.

 

 

Сезіндің бе есейіп балапаным,

Анашыңның ып-ыстық алақанын?

Баласына тілейді ата-анасы,

Күтсінші деп таңғы боз ала таңын.

 

 

Қадамыңды әр басқан құныттағын,

Ақ тілегін анаңның ұмытпағын.

Өкпекте бұл, өтетін жедел сырғып,

Әр сағат, әр сәтіңді ұлықтағын.

Еркін жанмын күн кешетін бүгінде,

Ұмтылыс мол, азат күнге түбімде.

Жарыққа бұл батыр қыз боп келген соң,

Ләззат қыздың, айбаты бар үнімде.

 

Тәуелсіз ел құрамыз деп жастарым,

Зор азапқа салды ғазиз бастарын.

Намысы бар кеудесінде жалынды,

Әкелмек ті, қандастан хан асқарын.

 

Төкті қанын, ашынған сан боздақтар,

Өр болмысын, алаулаған қозғап ар.

Қайрат, Ербол, Ләззаттардай кіл ерен,

Кетті өмірден, жанбай оты маздақтар.

 

Қиылды мол, ғұмырынан жастарым,

Тәуелсіздік күнге қиып бастарын.

Ширек ғасыр көрген түстей өткен соң,

Еске алады сендерді жас достарың.

Азап тартқан қандас қанша елімде,

Ашаршылық қолдан жасап кезінде.

Қыршын кетті талай қазақ өмірден,

Кіндік қаны тамып өскен жерінде.

 

Өктем елден азап тартқан байқасаң,

Тарихымды қайта жазып айта алсам.

Зиялылар құрбан болған заманды,

Зар жылармын бүгініме қайтарсам.

 

Өктем жұрттың боданында болған ел,

Рухы шөгіп жаны жасып тозған ел.

Қанша қазақ қайтпай, қалды соғыстан,

Нәсіп етпей Отанынан тұз дәм жер.

 

Қазақ, қырғыз бір атадан туғандай,

Тарихтың сан кезін бірге құрғандай.

Би, көсемі, сұлтаны мен батыры,

Мұрат жолда қоян қолтық тұрғандай.

 

Тарихына қазағымның үңілсең,

Батырларын білер едің бүгін сен.

Жеңген жауын татулықтың күшімен,

Атой салған айбаттанған дүрілмен.

 

Ал бұл күнде ғажап көркем ел іші,

Дейтіндей-ақ нағыз өнер кеніші.

Көпті көрген қазағыма бұйырсын,

Еңбек пенен тапқан нәрі, жемісі.

 

Жасай бергін, қайран елім қазағым,

Көрмегейсің енді өмір азабын.

Естігейсің бұдан былай үнемі,

Жан тербетер сиқыры мол ғажап үн.

Тәуелсіздік құрдасымын бүгінде.

Қайсар қыз боп, шығам мен де түбінде.

Кіндігімнен кескен кезде қан қапты,

Ләззаттардың жүріп өткен ізінде.

 

Аттырам деп азаттықтың ақ таңын,

Отқа салып қу басы мен жас жанын.

Тәуелсіз ел құрамыз деп атойлап,

Шықты алаңға нағыз қайсар жастарым.

 

Ызғарлы еді бұл желтоқсан мұздақ тым,

Қыршын жастың жанын сонша сыздаттың.

Құрбан болып кете барды-ау қарыңда,

Қайрат, Ербол, Лаззаттардай қымбаттым.

 

Қыршын жанын қиса дағы жастарым,

Алдық бүгін тәуелсіздік ақ таңын.

Отыз бір жыл! Көрген түстей, өткенмен,

Бұл күн мәңгі ұмытылмас достарым.

Әрбір сөзі таудың мөлдір бұлағы,

Әлемдердің сөнбес мәңгі шырағы.

Ғұламасы сан ғасырды жалғайтын,

Алатаудың шыңы биік, шынары.

 

Қасиетін айғақтады талайға,

Асқақтығы оралады әр ойға.

Қырғыз елін тамсандырып әуелден,

Әлем жұртын мойындатты алайда.

 

Қиындықтан мойымады таймады,

Өз тілінде бар әлемге сайрады.

Адамзаттың Айтматовы атанып,

Қырғызының желбіреді байрағы.

 

Жүрексізден берер дейсің қандай мән,

Адалдығы байқалмай ма таңдайдан.

Өтсін мейлі ғасырдан да ұзақ күн,

Шыңғыс үні естіледі шалғайдан.

Қыран елім!

Қымбатсың сен қашан да.

Сенсіз жүрек сағынышын басар ма?

Қаным – қазақ!

Жаным құрбан сен үшін,

Құдіретіңнен әлем озып асар ма?

 

 

Дүние есігін туған жерде ашсам да,

Жүрегімнің алтын кенін қазсам да.

Сені ғана қалап тұрар едім мен,

Өмірден мен өткенімше жазсам да.

 

 

Қазағым! - деп соғар мәңгі жүрегім.

Алтын алашым – асқар таудай тірегім!

Ұлы далам жұмыр жерім – тәуелсіз

Жырақ жүрсем өзіңді аңсап жүремін.

Advert's photo
Ақпарат демеушісі:
Сіздің жарнамаңыздың мәтіні
Advert's photo
Сіздің жарнамаңыздың мәтіні
Ақпаратпен бөлісу
Әлеуметтік желілерде осы ақпаратпен бөлісу:

Пайдаланушылар пікірлерінің тізімі

Пікір қосу үшін жүйеге кіріңіз немесе біздің сайтымызға тіркеліңіз

Бұл авторға әлі ешкім пікір қалдырған жоқ. Бірінші болыңыз!








©2021 - 2024. MediaStar.kz – қазақ әндерінің деректер қоры
Барлық құқықтар сақталған!

Яндекс.Метрика