Роза Атақаева:
Еліміздің білім саласында қолға алынатын, қадағалауды керек ететін мәселелер жетерлік. Бастысы – бізде жапондікіндей не финляндиялыққы ұқсас жүйе болуы керек. Тым әсершіл, ерме халықпыз. Еуропаға еліктей беруден ұтқанымыз шамалы. Ұсыныстарым:
- Жаңа қазақстандық кадрларымыз, жоғарғы оқы орнының қай факультетінде болсын, ең бастысы өз ұлтының тілін терең меңгеруі тиісті: сауаттылық, өз ойын дұрыс талдап жеткізу шеберлігі, өз саласының терминдерін жете білу.
- Қай саланың білімді маманы да оқудың соңғы жылында жоғарыдағы талаптарды меңгеруі бойынша өз саласында бір жыл не алты ай тағылымдамадан өтуі керек (медициналық оқу орындарындай). Диплом содан кейін берілгені дұрыс.