MediaStar.kz
Қазақ әндерінің деректер қоры
Жүйеге кіру
Электронды пошта:
Құпиясөз:

Құпиясөзді ұмытып қалдым

Тіркелу









Басы » Авторлардың ой-пікірлері
Авторлардың ой-пікірлері
Авторлардың ой-пікірлері:
Сіздің ойыңызша, еліміздің өнер саласында қандай басты мәселелер бар? Оларды шешуге сіздің ұсыныстарыңыз
Author's photo
Айзада Бекенқызы:
Өнер саласына келгеніме қуаныштымын. Мәселе туындамайды деп ойлаймын. Өнерге байланысты іс-шараларды, мүшәйраларды көптеп дамытса деп ойлаймын. Жастарды өнерге көбірек баулыса жақсы болар еді
Author's photo
Алтын Маханбетова:
Еліміздің ән өнері саласында үлкен мәселе – қазақ әні ұлттық бояуын жоғалтып бара жатыр. Хит болып жатқан кірме әндердің,яғни тойға жазылған әндердің насихаты үстем болғандықтан тыңдарман талғамы құрдымға кетті. Ол әндер енді сахнада орындала бастады. Балалар санасына да осы әндер сіңіп барады. Байқау ұйымдастырғыштар сондай әндерді байқауларында орындатпаулары керек. Бірақ, өкінішке орай...Оларға ақша тапса болды.
Author's photo
Алтыншаш Жақиянова:
Мемлекет тарапынан ақындар мен сазгерлерге аз көңіл бөлінеді
Author's photo
Бақытжан Еламанов:
Ұлттық өнерді Қазақстанда жақсылап таратып, насихаттау керек. Республикалық телеарналардан ұлттық өнерді көбірек көрсету керек
Author's photo
Гүлбақыт Қасен:
Ғасырлар бойы қазақ өнері өз жалғасын тауып келеді. Ел іші - өнер кеніші. Нағыз өнер майталмандары ел ішінде, оларды танып, шығара білу керек. Өнер саласындағы мәселелер:
1. Нағыз таланттылар ауылда, оларға қолдау қажет. Ауылдық жерлердегі мәдениет үйлері, кітапханаларды қалпына келтіру керек;
2. Ән жазуда өлең сөзіне мән берілмейді. Өнердегі көркемдік кеңестерді қайта жандандыру керек;
3. Өнер жолындағы жастар кітап оқымайды. Кітапхана ісін қолға алып, оқырмандардың кітапқа деген қызығушылығын арттыру қажет.
Author's photo
Марат Оразаев:
Өнер адамдарына аз көңіл бөлінеді. Елімізде өтетін байқаулардың көбі ақылы негізде өтеді. Қатысушы деңгейіне қарамайды. Өнер жанашырлары азайып барады.
Advert's photo
Ақпарат демеушісі:
Сіздің жарнамаңыздың мәтіні
Advert's photo
Сіздің жарнамаңыздың мәтіні

Ақпаратпен бөлісу
Әлеуметтік желілерде осы ақпаратпен бөлісу:






©2021 - 2024. MediaStar.kz – қазақ әндерінің деректер қоры
Барлық құқықтар сақталған!

Яндекс.Метрика