Авторлардың ой-пікірлері: Сіздің ойыңызша, қандай мәселелер адамзат үшін жаћандық мәселе болып табылады? Оларды шешуге сіздің ұсыныстарыңыз
Сәуле Карабалина:
Экологиялық және төтенше жағдайдың алдын алу мәселелеріне қатаң көңіл бөлген жөн. Апатты жағдай бола қалса, тиісті органдар алдын-алу жолдарын білмей шығынға ұшырап жатқан жәйттер көп. Жас ұрпақтың телефонға тәуелді болып алғаны, шектеусіз әлеуметтік желіде отыру мәселесі ойландырады.
Су мәселесі. Қазақстанмен көршілес Қытайда өңірлерінде өндірістің дамуына байланысты Ертіс өзенінің азайып кету мүмкіндігі бар, ол азайса Өскемен, Семей, Павлодар, Ресейдің бірталай аймақтары жапа шегуі мүмкін.