MediaStar.kz
Қазақ әндерінің деректер қоры
Жүйеге кіру
Электронды пошта:
Құпиясөз:

Құпиясөзді ұмытып қалдым

Тіркелу









Өлеңнің атауы
Өлеңнің атауы:
Ақ тілек
Топтама нөмірі және өлеңнің деректер қорына тіркелген күні:
№12, 8 маусым 2022 жыл
Авторлар тізімі:
Авторлар тізімі Сөзінің авторы
1 2 3
1.Гүлбақыт Қасен
«
»
Өлең мәтіні

Жыр арнадым Жетісуға – адал, ақ,

Қадірімді арттыратын бағалап.

Жақсы жандар қанатымды қатайтып,

Тұлпарымды берген еді тағалап.

 

Кейде өмір тасып жатты төгіліп,

Кейде көңіл – қабырғасы сөгіліп...

Сөзің болып тізіліп ем моншақтай –

Өрістедім өлең-жыр боп өріліп.

 

Дархан жүрек – кеңдігіндей даланың,

Асқақтай ма, аспандай ма дара үн?

Нота болып қосылып ем пернеңе –

Күмбірлеген күй боп шалқып барамын.

 

Күміс су да көз тартады жарқырап,

Жақсы жерде жайқалмай ма бал-құрақ?

Бұлақ болып қосылып ем арнаңа –

Өзен болып ағып барам арқырап.

 

Сәтті күнде күнім күліп, шығарай,

Жақсы істерді жүрем естен шығармай.

Шыбық болып қадалып ем шыңыңа

Тамыр алып биіктедім шынардай.

 

Даналықтан көп дүние ұқтым мен –

Гүл әлемге жыр арнадым шық тілмен.

Жота болып жалғасып ем төбеңе 

Талаптанып таудай болып шықтым мен.

 

Құрмет тұтам жақсыларды – асылды,

Бар қуаныш...

Жанарда жас жасырды...

Тамшы болып тамған аппақ тілектер –

Көл боп шалқып, мерейімді асырды.

Advert's photo
Ақпарат демеушісі:
Сіздің жарнамаңыздың мәтіні
Advert's photo
Сіздің жарнамаңыздың мәтіні

Ақпаратпен бөлісу
Әлеуметтік желілерде осы ақпаратпен бөлісу:

Пайдаланушылар пікірлерінің тізімі

Пікір қосу үшін жүйеге кіріңіз немесе біздің сайтымызға тіркеліңіз

Бұл әнге әлі ешкім пікір қалдырған жоқ. Бірінші болыңыз!








©2021 - 2024. MediaStar.kz – қазақ әндерінің деректер қоры
Барлық құқықтар сақталған!

Яндекс.Метрика