MediaStar.kz
Қазақ әндерінің деректер қоры
Жүйеге кіру
Электронды пошта:
Құпиясөз:

Құпиясөзді ұмытып қалдым

Тіркелу









Өлеңнің атауы
Өлеңнің атауы:
Арнау
Топтама нөмірі және өлеңнің деректер қорына тіркелген күні:
№59, 4 қаңтар 2025 жыл
Авторлар тізімі:
Авторлар тізімі Сөзінің авторы
1 2 3
1.Шынар Кендін
«
»
Өлең мәтіні

Мен – Алтайдан ұшқан ақсұңқар,

Ақүрпек едім, анадан,

Арқаны баспай адасып, айдарын ақ бұлт тараған.

Тоныкөк, Билге жатқан жер тарихы түмен қағанат,

Хан Шыңғыстың елінен, ғасырлар жылжып өткенде.

Адайға жеткен Аманат!

Ел іші – алтын бесігім,

Армысың, арда жамағат!

 

Мен – бүгін кім, кеше қандай ем,

Маңғыстау, саған келгенде,

Адасқан жалғыз қаздай ем,

Көп ішінде аздай ем…

Қарт Каспий жатты буырқанып,

Жанымның жақұт жауhарын,

Бір толқыны жаралап,

Бір толқыны мазалап,

Ширатқан сәмбі талдай ем.

Бәйтерек болсам, бұл күнде,

Бәріңе қарыздардай ем,

Әуелі Алла, Пір Бекет,

Тағдырмен табысқандай ем.

 

Мен де бір қызың, Маңғыстау,

Менсінбей кетсең, мейман ем,

Ата алмай жатқан таңдай ем,

Жаныңа жақын баласаң,

Жанып бір тұрған шамдай ем.

Абайлар жатқан шығыс пен Адайлар жеткен батыстың ,

Арасын жырмен жалғар ем.

 

Ақ Шынар еткен арда елім,

Ардақтай білсең, арман ем.

Құт мекен болған Құрығым,

Құшағын жайған ордам ең.

Мұнайшы болып мұңайып,

Жетібай болып шаңдап ем.

Болашақ пен Бостанды,

Бозінген болып шарлап ем.

Құланды менен Ақ Сенек,

Құланың болып самғар ем.

Тағы да көшу керек боп,

Тағдырым менен сұраса,

Ойланбастан Маңғыстау,

Тағы да сені таңдар ем!

Advert's photo
Ақпарат демеушісі:
Сіздің жарнамаңыздың мәтіні
Advert's photo
Сіздің жарнамаңыздың мәтіні

Ақпаратпен бөлісу
Әлеуметтік желілерде осы ақпаратпен бөлісу:

Пайдаланушылар пікірлерінің тізімі

Пікір қосу үшін жүйеге кіріңіз немесе біздің сайтымызға тіркеліңіз

Бұл әнге әлі ешкім пікір қалдырған жоқ. Бірінші болыңыз!








©2021 - 2025. MediaStar.kz – қазақ әндерінің деректер қоры
Барлық құқықтар сақталған!

Яндекс.Метрика