MediaStar.kz
Қазақ әндерінің деректер қоры
Жүйеге кіру
Электронды пошта:
Құпиясөз:

Құпиясөзді ұмытып қалдым

Тіркелу









Басы » Барлық өлеңдердің жалпы тізімі » Бұл күздің боларын өткенде білсең
Өлеңнің атауы
Өлеңнің атауы:
Бұл күздің боларын өткенде білсең
Топтама нөмірі және өлеңнің деректер қорына тіркелген күні:
№12, 8 маусым 2022 жыл
Авторлар тізімі:
Авторлар тізімі Сөзінің авторы
1 2 3
1.Әсел Оспан
«
»
Өлең мәтіні

Бұл күздің боларын өткенде білсең,

Өмірді сүйген қыз дер ем.

Сезімнің бүрлері өткелде гүлдер,

Жасасын күздер, бізбенен.

 

Ол күзге біздер сыр айтқанбыз дағы,

Қайтқанбыз талай жырласып.

Мезгілдің қайта оралар құстары,

Әкелетіндей бір бақыт.

 

Жапырақтармен жанымыз бір еді,

Қуарып қалса гүл - қайғым.

Соғып тұрғанда уақыттың жүрегі,

Мезгілдің бәрін жырлаймыз.

 

Бұл күзге біздер сыр айтамыз әлі,

Жыр айтамыз әлі ақтара.

Көктің  де жасын Құдай тамызады,

Алдымда тағы ақ парақ.

 

Арманы асқақ аласармайтын,

Мендегі қиял тым биік.

Жапырақ жүрек, алақан жайғын,

Қалайын менде шын сүйіп... 

Advert's photo
Ақпарат демеушісі:
Сіздің жарнамаңыздың мәтіні
Advert's photo
Сіздің жарнамаңыздың мәтіні

Ақпаратпен бөлісу
Әлеуметтік желілерде осы ақпаратпен бөлісу:

Пайдаланушылар пікірлерінің тізімі

Пікір қосу үшін жүйеге кіріңіз немесе біздің сайтымызға тіркеліңіз

Бұл әнге әлі ешкім пікір қалдырған жоқ. Бірінші болыңыз!








©2021 - 2024. MediaStar.kz – қазақ әндерінің деректер қоры
Барлық құқықтар сақталған!

Яндекс.Метрика