MediaStar.kz
Қазақ әндерінің деректер қоры
Жүйеге кіру
Электронды пошта:
Құпиясөз:

Құпиясөзді ұмытып қалдым

Тіркелу









Басы » Барлық өлеңдердің жалпы тізімі » Дегерес, баурайыңды қар жапты ма
Өлеңнің атауы
Өлеңнің атауы:
Дегерес, баурайыңды қар жапты ма
Топтама нөмірі және өлеңнің деректер қорына тіркелген күні:
№12, 8 маусым 2022 жыл
Авторлар тізімі:
Авторлар тізімі Сөзінің авторы
1 2 3
1.Әсел Оспан
«
»
Өлең мәтіні

Дегерес,

Баурайыңды қар жапты ма?

Бұйыртып несібеңді әр жақсыға.

Көгерткен көсегемді керім дүние-ай,

Құмарым өлеңмен де қанбас, сірә.

 

Жүрегімнен сыралғы  сый күтетін,

Әппақ әлем,

Өзіңе сүйсінемін!

Кезбе бұлтқа ілесіп ұлы көктен,

Ақ шынарға бөлер  ем Үйсін елін.

 

Аңсарым-ай,

Жұтатын керіп кеуде,

Тау самалын аңсаған елік - пенде.

Қар астында көктемнің гүлі жатыр,

Су боп сіңіп кетейін еріп  мен де.

 

Тірлігімде қалмайды өлең  әсте,

Көңіл шіркін, тартады қайдағыға.

Сағынышым жетер ме Дегереске?

Қар жауғызсам көгінен байғазыға.

 

Жарасқан аспанымда ақ ұлпалар,

Ақ қарда ең аяулы тағы із қалар.

Атыңнан айналайын, Дегерес тау,

Біз бен сізден ғажайып аңыз қалар.

 

Дегерес,

Баурайыңды қар жапты ма?

Бұйыртып несібеңді әр  жақсыға.

Көгерткен көсегемді керім дүние-ай,

Құмарым өлеңмен де қанбас, сірә.

Advert's photo
Ақпарат демеушісі:
Сіздің жарнамаңыздың мәтіні
Advert's photo
Сіздің жарнамаңыздың мәтіні

Ақпаратпен бөлісу
Әлеуметтік желілерде осы ақпаратпен бөлісу:

Пайдаланушылар пікірлерінің тізімі

Пікір қосу үшін жүйеге кіріңіз немесе біздің сайтымызға тіркеліңіз

Бұл әнге әлі ешкім пікір қалдырған жоқ. Бірінші болыңыз!








©2021 - 2024. MediaStar.kz – қазақ әндерінің деректер қоры
Барлық құқықтар сақталған!

Яндекс.Метрика