№ | Авторлар тізімі | Сөзінің авторы |
1 | 2 | 3 |
1. | Тұрдыбек Жүнісұлы |
Ағайын,
Ақтарайын ойымды бір,
Біреулер мәнсап қуып тойынып жүр,
Дүние-ай, алдамшы екен өтетұғын,
Өмірің сахнадай қойылым құр,
Бір күндік,
Күн көріс па ойымызда,
Ар, намыс, қалмағандай бойымызда,
Ұрпақтың ертеңіне көз жүгіртсең
Айналар шер боп, қатып, ойың мұзға,
Бескүндік,
Берген екен сынағын бұл,
Тағдырда қалт жібермес қырағы бір,
Ақиқат айтылмаса сөзім жетім,
Қоғамда, шешілмей еш сұрағым жүр,
Таңдайым,
Қағылдың-ай қақпасамда,
Айтайын кейбіреуге жақпасамда,
Шындықты, мен айтпасам кім айтады?
Мейлі сен, ақта мейлі даттасаңда,
Көңілім,
Босағанмен не дей алам,
Демейін қошеметке кедей балаң
Жақсыдан, жаман туған заманда бұл,
Бәйгенің алдын бермес өңкей надан,
Ал, енді,
Жырымды бұл тәмәмдайын,
Қозғадым, иә, біраз қоғам жайын,
Көз салсам, ей, ағайын болашаққа,
Бұлдырап байқалмайды тұмандайын.