№ | Авторлар тізімі | Сөзінің авторы |
1 | 2 | 3 |
1. | Майра Меңлібаева |
Бал-бұл жанған балалық балғын шағың,
Болсын сенің болашақ алдың бағың.
Той бергенде есімде, қалың жүртқа,
Қызығыңмен ойынды жандырғаның.
Сезіндің бе есейіп балапаным,
Анашыңның ып-ыстық алақанын?
Баласына тілейді ата-анасы,
Күтсінші деп таңғы боз ала таңын.
Қадамыңды әр басқан құныттағын,
Ақ тілегін анаңның ұмытпағын.
Өкпекте бұл, өтетін жедел сырғып,
Әр сағат, әр сәтіңді ұлықтағын.