MediaStar.kz
Қазақ әндерінің деректер қоры
Жүйеге кіру
Электронды пошта:
Құпиясөз:

Құпиясөзді ұмытып қалдым

Тіркелу









Басы » Барлық өлеңдердің жалпы тізімі » Тағдырлы мекен тұрағыма айналып барады
Өлеңнің атауы
Өлеңнің атауы:
Тағдырлы мекен тұрағыма айналып барады
Топтама нөмірі және өлеңнің деректер қорына тіркелген күні:
№12, 8 маусым 2022 жыл
Авторлар тізімі:
Авторлар тізімі Сөзінің авторы
1 2 3
1.Әсел Оспан
«
»
Өлең мәтіні

Тағдырлы мекен тұрағыма айналып барады,

Жауапсыз күндер сұрағыма айналып барады.

Мына әлем менің көзімде ғана жәутеңдеп.

Әлсіздеу жанған шырағыма айналып барады.

 

 

Жарқырап мәңгі тұрмайды күн де төбемде,

Өлеңім үшін жасынын сүйдім, өбем де.

Таласып таумен биігін сүйдім, қайтейін,

Көңілің үшін жотадай мүжіліп шөгем бе?!

 

 

Аңсатқан өмір аңсаумен ғұмыр кештірер,

Ақынның өзі адамзат үшін көп тілер.

Оранып қайтем, бүлдені керім - көйлек қып,

Тозығы жетіп, ол да бір күндері ескірер.

 

 

Аласармайын, биік  те тағы болмайын,

Сауалдар қамап, тұтқындап алса әрдайым.

Уақыттың білмей қадірін кетіріп жүргенде,

Бауыры тартып, қара жер тұрса сол уайым...

Advert's photo
Ақпарат демеушісі:
Сіздің жарнамаңыздың мәтіні
Advert's photo
Сіздің жарнамаңыздың мәтіні

Ақпаратпен бөлісу
Әлеуметтік желілерде осы ақпаратпен бөлісу:

Пайдаланушылар пікірлерінің тізімі

Пікір қосу үшін жүйеге кіріңіз немесе біздің сайтымызға тіркеліңіз

Бұл әнге әлі ешкім пікір қалдырған жоқ. Бірінші болыңыз!








©2021 - 2024. MediaStar.kz – қазақ әндерінің деректер қоры
Барлық құқықтар сақталған!

Яндекс.Метрика