№ | Авторлар тізімі | Сөзінің авторы |
1 | 2 | 3 |
1. | Тұрдыбек Жүнісұлы |
Ей, балалық қалдың артта алыстап,
Мына уақыт, енді кіммен жарыспақ.
Қанша көзге ілмесемде ойпырма-ай,
Жүрген емес бір сәт менен қалыс-қап.
Жастығымның ұрлап нұрын, ажарын,
Ей, уақыт санамды әбден қажадың.
Кешегі өткен балғын шақтың сен бүгін,
Тараттың-ау, той-думанын базарын.
Өткен күндер, оралмайды, кеш, енді,
Кімнен алам, кім береді есемді.
Мың айналып, көз жүгіртсем сол шаққа,
Таба алмадым, ойын қуған көшемді.
Қайран уақыт, неткен жүйрік жылдамсың,
Биік тұлғаң ғасырдан да жылдан шың.
Әркімдердің жастық шағын ұрлап-ап,
Өкіндіріп, сауық-сайран құрған шын.
Өмір заңы осылай ма кім білген?
Жетелейді, жылдам уақыт бір-бірден.
Бірі қартқа, бірі артқа жаутаңдап,
Ал, жастығым сағым болып тұр күлген.