MediaStar.kz
Қазақ әндерінің деректер қоры
Жүйеге кіру
Электронды пошта:
Құпиясөз:

Құпиясөзді ұмытып қалдым

Тіркелу









Басы » Барлық өлеңдердің жалпы тізімі » Шыңнан биік Шыңғысқа арнау
Өлеңнің атауы
Өлеңнің атауы:
Шыңнан биік Шыңғысқа арнау
Топтама нөмірі және өлеңнің деректер қорына тіркелген күні:
№32, 30 желтоқсан 2023 жыл
Авторлар тізімі:
Авторлар тізімі Сөзінің авторы
1 2 3
1.Майра Меңлібаева
«
»
Өлең мәтіні

Әрбір сөзі таудың мөлдір бұлағы,

Әлемдердің сөнбес мәңгі шырағы.

Ғұламасы сан ғасырды жалғайтын,

Алатаудың шыңы биік, шынары.

 

Қасиетін айғақтады талайға,

Асқақтығы оралады әр ойға.

Қырғыз елін тамсандырып әуелден,

Әлем жұртын мойындатты алайда.

 

Қиындықтан мойымады таймады,

Өз тілінде бар әлемге сайрады.

Адамзаттың Айтматовы атанып,

Қырғызының желбіреді байрағы.

 

Жүрексізден берер дейсің қандай мән,

Адалдығы байқалмай ма таңдайдан.

Өтсін мейлі ғасырдан да ұзақ күн,

Шыңғыс үні естіледі шалғайдан.

Advert's photo
Ақпарат демеушісі:
Сіздің жарнамаңыздың мәтіні
Advert's photo
Сіздің жарнамаңыздың мәтіні

Ақпаратпен бөлісу
Әлеуметтік желілерде осы ақпаратпен бөлісу:

Пайдаланушылар пікірлерінің тізімі

Пікір қосу үшін жүйеге кіріңіз немесе біздің сайтымызға тіркеліңіз

Бұл әнге әлі ешкім пікір қалдырған жоқ. Бірінші болыңыз!








©2021 - 2024. MediaStar.kz – қазақ әндерінің деректер қоры
Барлық құқықтар сақталған!

Яндекс.Метрика