№ | Авторлар тізімі | Сөзінің авторы |
1 | 2 | 3 |
1. | Баршын Ізбасар |
Сағындым деші,
Сан ойдан санам серпілсін.
Жаныңның сезіп өртін шын.
Қызыққа толы сəттердің,
Қызығын қайта келтірсін.
Сағындым деші,
Құс болып көкке ұшайын.
Көңілдің мұңын тұсайын.
Əлемнің шуақ, шаттығын.
Құшағыма алып қысайын.
Сағындым деші,
Бақыттың дəмін сезейін.
Бақыттың бағын кезейін.
Мұңая қалсам басынар.
Өзге емес, менің өз ойым.
Сағындым деші,
Кетейін мұңнан арылып.
Шаттыққа еріп, бағынып.
Миымды бір сəт босатып.
Жүрейін сені сағынып.
Сағындым деші,
Жылысын тоңған мұз денем.
Жылы сөз бəлкім, бізде кем.
Өзіңнен алған жылумен
Барайын жаз боп күзге мен.
Сағындым деші,
Қуанайыншы балаша.
Сезініп бір күй жаңаша.
Қалдырма сенен өтінем.
Ойларымменен оңаша.