MediaStar.kz
Қазақ әндерінің деректер қоры
Жүйеге кіру
Электронды пошта:
Құпиясөз:

Құпиясөзді ұмытып қалдым

Тіркелу









Басы » Барлық өлеңдердің жалпы тізімі » Қаңтардағы қара өлең
Өлеңнің атауы
Өлеңнің атауы:
Қаңтардағы қара өлең
Топтама нөмірі және өлеңнің деректер қорына тіркелген күні:
№12, 8 маусым 2022 жыл
Авторлар тізімі:
Авторлар тізімі Сөзінің авторы
1 2 3
1.Әсел Оспан
«
»
Өлең мәтіні

Қаңтардағы қара өлең қар құшады,

Айқара ашық көңілдің бар құшағы.

Жанарымды қарытқан ақ зер әлем,

Ақ пен қара ғұмырлар тартысады.

 

Қаңтардағы қара өлең – ақ періштем,

Қанатында хауыз жыр, бақ келіскен.

Жанарымда сәуленің мың  ұшқыны,

Жүректегі қиыршық тасты  еріткен.

 

Қаңтардағы қара өлең – аяулы әнім!

Ауылыңа сан барып, аялдадым.

Алатаудың асырып ақ  басынан,

Ұшырмады ақының қай арманын?!

 

Қаңтардағы қара өлең – уақыт емі,

Келер күнім көзімнің  жақұты еді.

Ыстық қаны бойында дір-дір еткен,

Иесіне қара өлең – бақыт еді!

Қаңтардағы қара өлең, жақұт еді...

Advert's photo
Ақпарат демеушісі:
Сіздің жарнамаңыздың мәтіні
Advert's photo
Сіздің жарнамаңыздың мәтіні

Ақпаратпен бөлісу
Әлеуметтік желілерде осы ақпаратпен бөлісу:

Пайдаланушылар пікірлерінің тізімі

Пікір қосу үшін жүйеге кіріңіз немесе біздің сайтымызға тіркеліңіз

Бұл әнге әлі ешкім пікір қалдырған жоқ. Бірінші болыңыз!








©2021 - 2024. MediaStar.kz – қазақ әндерінің деректер қоры
Барлық құқықтар сақталған!

Яндекс.Метрика