MediaStar.kz
Қазақ әндерінің деректер қоры
Жүйеге кіру
Электронды пошта:
Құпиясөз:

Құпиясөзді ұмытып қалдым

Тіркелу









Басы » Барлық өлеңдердің жалпы тізімі » Жаһанның тірілді ме айдаһары
Өлеңнің атауы
Өлеңнің атауы:
Жаһанның тірілді ме айдаһары
Топтама нөмірі және өлеңнің деректер қорына тіркелген күні:
№12, 8 маусым 2022 жыл
Авторлар тізімі:
Авторлар тізімі Сөзінің авторы
1 2 3
1.Әсел Оспан
«
»
Өлең мәтіні

Жаһанның тірілді ме айдаһары?

Тілегі қайда көптің, қайда зары?

Австралия көз алдыңда отқа оранса,

Гефестің елестейді найзалары.

 

Галлері ол да оранды өртке қалың,

Тасмания аралын дертке  малып.

Адамзат тіршілігі  талқан болған,

Орманынан аң- құсы кеткен ауып.

 

Жер дүние дүрмегіңнен түгел өрді,

Ғарыштан жалын шарпып түрегелді.

 От шашқан тіліменен аждаһадай,

Австралия қызыл отпен шідерленді.

 

Көк түтін адастырды, жолдар қайда?

Ұясын тастамаушы еді бозторғай да.

Аңдары пана күтсе адамзаттан,

Басына зауал түскен боздамай ма?!

 

Ортақ ел ек, күллі әлем жерге  мынау,

Көк - анасы, тамшыңмен көлдетіп ал.

Австралия, сеніменен жүрегім бір,

Қолда Тәңір, жер-ана тербетіп ал...

Advert's photo
Ақпарат демеушісі:
Сіздің жарнамаңыздың мәтіні
Advert's photo
Сіздің жарнамаңыздың мәтіні

Ақпаратпен бөлісу
Әлеуметтік желілерде осы ақпаратпен бөлісу:

Пайдаланушылар пікірлерінің тізімі

Пікір қосу үшін жүйеге кіріңіз немесе біздің сайтымызға тіркеліңіз

Бұл әнге әлі ешкім пікір қалдырған жоқ. Бірінші болыңыз!








©2021 - 2024. MediaStar.kz – қазақ әндерінің деректер қоры
Барлық құқықтар сақталған!

Яндекс.Метрика