MediaStar.kz
Қазақ әндерінің деректер қоры
Жүйеге кіру
Электронды пошта:
Құпиясөз:

Құпиясөзді ұмытып қалдым

Тіркелу









Басы » Барлық өлеңдердің жалпы тізімі » Күтетінім көктемнен өзіме аян
Өлеңнің атауы
Өлеңнің атауы:
Күтетінім көктемнен өзіме аян
Топтама нөмірі және өлеңнің деректер қорына тіркелген күні:
№13, 7 шілде 2022 жыл
Авторлар тізімі:
Авторлар тізімі Сөзінің авторы
1 2 3
1.Әуелай Оспанова
«
»
Өлең мәтіні

Көктем келіп, оралды жыл құстары,

Қиқулады табысып көл тұстары.

Бір күн жауын, бір күннің қабағы ашық,

Күн ұзарып келеді, түн қысқарып.

 

Өрік гүлдеп, маңайдың кірді сәні,

Сай-саланы толтырды жердің нәрі.

Көк те шықты, ағаштар бүрін жарып,

Кеше соңғы жауса да қыстың қары.

 

Көкте бұлттар қаумалар табан асты,

Найзағайы жарқырап, ашу шашып.

Құйып-төгіп жіберер нөсерлетіп,

Жел тұрса әп сәт атойлап, аулақ қашып

 

Ертесінде-ақ жадырап шығады күн,

Сезілмейтін секілді жердегі дым.

Құлпыртып-ақ жіберер жердің жүзін,

Жан бітіріп маңайға, жайнатып  шын.

 

Табиғатым, жайлы ғой сенің саяң,

Көктемемен,  жер-әлем, сен де оян.

Терезеден шығарып салдым қысты,

Күтетінім көктемнен өзіме аян.

Advert's photo
Ақпарат демеушісі:
Сіздің жарнамаңыздың мәтіні
Advert's photo
Сіздің жарнамаңыздың мәтіні

Ақпаратпен бөлісу
Әлеуметтік желілерде осы ақпаратпен бөлісу:

Пайдаланушылар пікірлерінің тізімі

Пікір қосу үшін жүйеге кіріңіз немесе біздің сайтымызға тіркеліңіз

Бұл әнге әлі ешкім пікір қалдырған жоқ. Бірінші болыңыз!








©2021 - 2024. MediaStar.kz – қазақ әндерінің деректер қоры
Барлық құқықтар сақталған!

Яндекс.Метрика