№ | Авторлар тізімі | Сөзінің авторы |
1 | 2 | 3 |
1. | Тұрдыбек Жүнісұлы |
Өмір – үміт, өмір – бақ , өмір – жылдам!
Сол өмірің тұрмай ма асу-қырдан?!
Сен ақынсың жүрегі елжіреген,
Қуат алған бойына өлең-жырдан,
Өмір – тағдыр, өмір – сән, өмір – тәтті,
Пендесіне сый қылған әрбір сәтті,
Сен ақынсың түңілме сынағына,
Шабыт деген қай кезде тыным тапты,
Өмір – көңіл, өмір – сын, өмір – арман,
Ей, дүние-ай, өтерсің бір күн жалған,
Сен ақынсың, жасыма көтер басты,
Қайран бес күн, па, шіркін кімнен қалған,
Өмір – жарыс, өмір – ар, өмір қатты,
Табыт пенен бермеген мәңгі тақты,
Сен ақынсың шындықты жырлағанда,
Ақ-қарасы жалғанның жылап жатты,
Өмір – қызық , өмір – мін, өмір ашты,
Қу-құлқын бар ойлатқан қара басты,
Сен ақынсың ел жайын дат ететін,
Сын сағатта бұққаның жарамасты,
Өмір – жылың, өмір – ай, өмір – күнің
Таластырған тағдырмен көрмей тыным,
Сен ақынсың ел-жұртың баға берер,
Уа, ақындар, түбінде осыны ұғын.