№ | Авторлар тізімі | Сөзінің авторы |
1 | 2 | 3 |
1. | Тұрдыбек Жүнісұлы |
Ойға баттым түнімен көзімді ілмей,
Шам жағалап ұшқандай төзімді үрлей,
Көбелек пен сырластым ісім түсіп,
Ақ-қарасын өмірдің өзім білмей,
Иә солай, өткіздім түндерімді,
Шел басқанба апыр-ау күндер мұңлы?
Алдамшы өткен, дүние-ай сеннен гөрі,
Денсаулықтың қадірі болған құнды,
Сіз-біз деген, сыйластық құрдымдағы,
Қашан жанып, жарқырар қырдың бағы,
Ақиқаттың тізесін бүк түсіріп,
Шығалмай жүр құрсаудан шындық әлі,
Түсінбедім, бұл қалай кім біледі?
Теңдік үшін соқпады сұм жүрегі,
Ана байғұс азаннан айғайлайды,
Орындала қоярма шын тілегі?
Мұңға малып, жанарын пендесінің
Тойынбаған топрақ теңдесі кім?
Тайраңдатып бескүнді қойсаңдағы,
Мәңгі өмір сүрмеген жерде ешкімің ,
Заманыма, кінә артам несіне мен,
Сыйа алмадық апыр-ай төсіңе кең
Біреулерді тойдырып, ал біреуін,
Тарықтырып қойдыңба несібеден?
Өткен талай, дана да, мұрагері,
Тағдырына мойымай құба белі,
Жер жаһанда әйгілі аты қалған,
Ақанның да өлмеп пе еді құлагері.