№ | Авторлар тізімі | Сөзінің авторы |
1 | 2 | 3 |
1. | Айдын Мұхаметжан |
Өмірдің құралмайма өзі мұңмен.
Кезігуден қашамын кезігуден.
Көз жазып қаламба деп төзімімнен.
Секем алып селт етпес сезіміңнен.
Секем алам селт етпес сезімімңен.
Мұң жамылған қашқақтап мезі күннен.
Өмір сүріп келемін езілумен.
Ақпасада ақ майы езуімнен.
Секем алам құбылған қоғамнанда.
Алуан ойлар санама оралғанда.
Мен өмірден тырысам жоғалмауға.
Қыран кейіп қалайша болам қарға.
Сел етпейтін сезімі сергелдең күн.
Мойыныма әкеліп өңгерген мұң.
Кейде кезіп даланы сенделгенмін.
Есіме алып аттарын өлгендердің.
Сия алмай кейде мен тұрағыма.
Жауап іздеп кетемін сұрағыма.
Сырнай күннің сылдырлы бұлағыда.
Сыбырлайды әрнені құлағыма.
Не айтады білмеймін, нені бермек.
Құлап қала беремін келіп өрлеп.
Өмір деген алпарыс біле алмадым.
Нені ұтып адамдар, нені жеңбек.