№ | Авторлар тізімі | Сөзінің авторы |
1 | 2 | 3 |
1. | Тұрдыбек Жүнісұлы |
Асқақтаған абыройдан не пайда?
Бір бүйрегің елге қарай бұрмаса,
Елжіреген жүрегіңнен не пайда,
Сағынышың алып ұшып тұрмаса.
Ақын жанды тектіліктен не пайда?
Ішіп-жеуді паш етіп бір жырласа,
Ел басқарған санасыздан не пайда?
Түсінбесе, астарлаған жырды аса.
Сіз-біз деген, пейіліңнен не пайда?
Құлқын үшін намысыңды таптаса.
Бірге жүрген дос-жораңнан не пайда?
Шындық айтсаң көрместейін даттаса,
Сен бақытты болғаныңнан не пайда?
Маңайыңда кедей-кепшік қаптаса.
Төрт қабатты, биік үйден не пайда?
Туғандарың келіп-кетіп жатпаса.
Міне ағайын осындайдан сақтасын,
Бір тәңірім, біздің ұлтты сақтаса.
Ел болармыз Алаш салған ізбенен,
Қиындықта бірін-бірі сатпаса.