№ | Авторлар тізімі | Сөзінің авторы |
1 | 2 | 3 |
1. | Тұрдыбек Жүнісұлы |
Ей, заман-ай,
Мың бұралып құбылып тұр,
Тірелген алды құз ба тығырық бір.
Ібілістің ұраны тайраңдаса,
Ақиқаты,
Қарайды-ау тығылып құр.
Ей, дүние-ай,
Алдамшы қарасаңыз,
Неліктен аптығамыз-таласамыз.
Нәпсінің жетегіне еріп бірде,
Ал, кейде,
Жусаннанда аласамыз.
Біреуге,
Жалаңды әкеп жаптырасың.
Білмеймін,
Қайсы нақақ, қайсы расың?
Шындық айтқан,
Пендеңді көрге сүйреп,
Жағымпаздың үмітін жандырасың.
Иә, солай,
Өзің мен жарыса біз,
Байлығыңа бас ұрып алысамыз,
Бәрі өткінші,
Ериді қолда тұрмай,
Қона қалған болжаусыз дарыса мұз.
Есебінде,
Берерміз пенделіктің
Шындық іздеп өтпеген сенделіп кім?
Ей, жалған-ай,
Түсіндім кеште болса,
Ертеректе мен бәрін тең көріппін.