№ | Авторлар тізімі | Сөзінің авторы |
1 | 2 | 3 |
1. | Тұрдыбек Жүнісұлы |
Кімге айтайын!
Сырымды мазалаған?
Неге бәрін, түртпектеп қазады адам?
Жүрегіме батады, сұққылайды,
Адамды, адам, неліктен жазалаған,
Сөз қылады, сыртыңнан мақтап алып,
Осындайлар, қоғамда қаптады анық.
Өзі араңнан, шығады екі жүзді,
Жүргеніңде ойы арам, жатқа қанық.
Түсінбедім, мен әлде қателестім?
Кешірмейді-ау, білемін қатеңді ешкім.
Жанталасып, әркіммен жүргеніңде,
Өте шығар, қас қағым, мына бескүн.
Иә, бірақ, уақыт дес бермейді,
Адалдықты, неге ешкім ескермейді?
Пенделерміз, тірлікте асыққанмен,
Жаратушы, барлығын кеш тергейді,
Кеудемізді керіп ап, асынамыз,
Кейбіреуді тіпті кеп, басынамыз,
Тәубә айтып, қаламыз нем құрайлы,
Өлгендердің барғанда басына біз.
Өмір солай өтетін кезегімен,
Әркім асып тағдырдың кезеңінен.
Бейқам кетіп барамыз ойланбастан,
Мың сұрақ кеп алады өзегімнен.
Кімге айтайын сырымды, кімге барып?
Өкпелейін несіне түнге налып.
Ішіп-жеуден қолымыз босамай жүр,
Бір күндікке жүрміз-ау өліп-талып.