№ | Авторлар тізімі | Сөзінің авторы |
1 | 2 | 3 |
1. | Майра Меңлібаева |
Ұлылар жырлап мәңгілік елдің тағдырын,
Ойламады да, болар деп бұлай барлығын.
Төл тілім үшін, жоғалтсам да мен барымды,
Жүректе шер боп, көңлімде ауыр қалды мұң.
Ақындарым ғой, жер ана сені жырлаған,
Соларға айғақ, болумен бүтін тұр ғалам.
Жазықсыз бекер, жазаны тартқан боздақтар,
Үшін де бұл күн, уа заман әбден сын саған.
Қазақ тілімді, ететін жыр ғып толымды,
Көп қой бұл күнде, жазатын ойға қонымды.
Өз тілім үшін, жоғалтсам да мен барымды,
Шәкірттер мендік, жалғайды мәңгі жолымды.