MediaStar.kz
Қазақ әндерінің деректер қоры
Жүйеге кіру
Электронды пошта:
Құпиясөз:

Құпиясөзді ұмытып қалдым

Тіркелу









Өлеңнің атауы
Өлеңнің атауы:
Жасай бер қазағым
Топтама нөмірі және өлеңнің деректер қорына тіркелген күні:
№33, 4 ақпан 2024 жыл
Авторлар тізімі:
Авторлар тізімі Сөзінің авторы
1 2 3
1.Майра Меңлібаева
«
»
Өлең мәтіні

Азап тартқан қандас қанша елімде,

Ашаршылық қолдан жасап кезінде.

Қыршын кетті талай қазақ өмірден,

Кіндік қаны тамып өскен жерінде.

 

Өктем елден азап тартқан байқасаң,

Тарихымды қайта жазып айта алсам.

Зиялылар құрбан болған заманды,

Зар жылармын бүгініме қайтарсам.

 

Өктем жұрттың боданында болған ел,

Рухы шөгіп жаны жасып тозған ел.

Қанша қазақ қайтпай, қалды соғыстан,

Нәсіп етпей Отанынан тұз дәм жер.

 

Қазақ, қырғыз бір атадан туғандай,

Тарихтың сан кезін бірге құрғандай.

Би, көсемі, сұлтаны мен батыры,

Мұрат жолда қоян қолтық тұрғандай.

 

Тарихына қазағымның үңілсең,

Батырларын білер едің бүгін сен.

Жеңген жауын татулықтың күшімен,

Атой салған айбаттанған дүрілмен.

 

Ал бұл күнде ғажап көркем ел іші,

Дейтіндей-ақ нағыз өнер кеніші.

Көпті көрген қазағыма бұйырсын,

Еңбек пенен тапқан нәрі, жемісі.

 

Жасай бергін, қайран елім қазағым,

Көрмегейсің енді өмір азабын.

Естігейсің бұдан былай үнемі,

Жан тербетер сиқыры мол ғажап үн.

Advert's photo
Ақпарат демеушісі:
Сіздің жарнамаңыздың мәтіні
Advert's photo
Сіздің жарнамаңыздың мәтіні

Ақпаратпен бөлісу
Әлеуметтік желілерде осы ақпаратпен бөлісу:

Пайдаланушылар пікірлерінің тізімі

Пікір қосу үшін жүйеге кіріңіз немесе біздің сайтымызға тіркеліңіз

Бұл әнге әлі ешкім пікір қалдырған жоқ. Бірінші болыңыз!








©2021 - 2024. MediaStar.kz – қазақ әндерінің деректер қоры
Барлық құқықтар сақталған!

Яндекс.Метрика