№ | Авторлар тізімі | Сөзінің авторы |
1 | 2 | 3 |
1. | Майра Меңлібаева |
Тәуелсіздік құрдасымын бүгінде.
Қайсар қыз боп, шығам мен де түбінде.
Кіндігімнен кескен кезде қан қапты,
Ләззаттардың жүріп өткен ізінде.
Аттырам деп азаттықтың ақ таңын,
Отқа салып қу басы мен жас жанын.
Тәуелсіз ел құрамыз деп атойлап,
Шықты алаңға нағыз қайсар жастарым.
Ызғарлы еді бұл желтоқсан мұздақ тым,
Қыршын жастың жанын сонша сыздаттың.
Құрбан болып кете барды-ау қарыңда,
Қайрат, Ербол, Лаззаттардай қымбаттым.
Қыршын жанын қиса дағы жастарым,
Алдық бүгін тәуелсіздік ақ таңын.
Отыз бір жыл! Көрген түстей, өткенмен,
Бұл күн мәңгі ұмытылмас достарым.