MediaStar.kz
Қазақ әндерінің деректер қоры
Жүйеге кіру
Электронды пошта:
Құпиясөз:

Құпиясөзді ұмытып қалдым

Тіркелу









Өлеңнің атауы
Өлеңнің атауы:
Асқақ наурыз
Топтама нөмірі және өлеңнің деректер қорына тіркелген күні:
№66, 26 сәуір 2025 жыл
Авторлар тізімі:
Авторлар тізімі Сөзінің авторы
1 2 3
1.Роза Атақаева
«
»
Өлең мәтіні

Наурыз келді даламды жасандырып,

Жыл басталды қасиетімен таң да күліп.

Маңғыстау сан айшықпен тербеледі,

Гиннестің рекордымен таң қалдырып.

 

Кимешек қасиетімен биік бағам,

Аталар батасымен бақыт табам.

Ер көңіл азаматым нардың жүгін

Көтеріп, сан ғасырлар өскен санам!

 

Алашта атым асқан асқаралы,

Салтымды ұлықтаумен асқақ әнім.

Тәңірім бар пейілімен мейірленсе,

Нұр төгіп жанарымнан жас тамады.

 

Қыздарым неткен сәнді, көркем еді,

Кестелі әшекеймен мәнді, зерлі.

Келісті келіндерім тізе бүгіп,

Шаңыраққа сәлем салып, сән береді.

 

Абырой орнады кеп маң далама,

Маңғыстау! Атың озып, таң қалдыра.

Әлемді бүгін тағы жалт қараттың,

Бас ием қасиетіңе жанға дауа!

 

Advert's photo
Ақпарат демеушісі:
Сіздің жарнамаңыздың мәтіні
Advert's photo
Сіздің жарнамаңыздың мәтіні

Ақпаратпен бөлісу
Әлеуметтік желілерде осы ақпаратпен бөлісу:

Пайдаланушылар пікірлерінің тізімі

Пікір қосу үшін жүйеге кіріңіз немесе біздің сайтымызға тіркеліңіз

Бұл әнге әлі ешкім пікір қалдырған жоқ. Бірінші болыңыз!








©2021 - 2025. MediaStar.kz – қазақ әндерінің деректер қоры
Барлық құқықтар сақталған!

Яндекс.Метрика