№ | Авторлар тізімі | Авторлықтың түрі | ||
Сөзінің авторы | Музыкасының авторы | |||
1 | 2 | 3 | 4 | |
1. | Нұрғиса Тілендиев | |||
2. | Қадыр Мырзалиев |
Асыл әжем, ғасыр әжем аңсаған,
Сағынышым –сары ормандай самсаған.
Әке болып жүргенімді ұмытып,
Әлі күнге еркелеймін мен саған.
Құлындаймын асыр салған аңғарда,
Қозыңдаймын асыр салған албарда.
Өзің барда қысылмаймын күлуге,
Жылауға да қысылмаймын сен барда.
Мен өзіңнен қабылдаппын сүюді,
Мен өзіңнен қабылдаппын күюді.
Сенің жаның жүрегіме ораулы,
Менің жаным жаулығыңа түюлі.
Тұра тұршы түзелгенше бұзығың,
Жүре тұршы жалғанғанда үзігің.
Маған дәулет неге керек, ақ әже-ау,
Өзің бірге көре алмасаң қызығын.