MediaStar.kz
Қазақ әндерінің деректер қоры
Жүйеге кіру
Электронды пошта:
Құпиясөз:

Құпиясөзді ұмытып қалдым

Тіркелу









Басы » Барлық әндердің жалпы тізімі » Бақытыңды жырлайды
Әннің атауы
Әннің атауы:
Бақытыңды жырлайды
Топтама нөмірі және әннің деректер қорына тіркелген күні:
№1, 27 қазан 2021 жыл

Әннің тақырыбы:

Авторлар тізімі:
Авторлар тізімі Авторлықтың түрі
Сөзінің авторы Музыкасының авторы
1 2 3 4
1.Мұқағали Мақатаев
2.Әлия Бушукова
«
»
Ән орындаушыларының тізімі
Жүктеу
Ән мәтіні

Жыламашы шырағым,

Күңіренген қобыздың бұрамашы құлағын.

Ұмыт болып мына түн,

Сейіледі мұнарың.

Жыламашы шырағым,

Шашыратып шуағын,

Мен білемін мына күн

Шұғыламен тынарын.

 

Қайырмасы:

Шаттық пенен қуаныш,

Өкініш пен мұң-қайғы,

Өмір бақи тұрмайды

Алма-кезек зулайды.

Жыла жаным, жылай бер,

Мен де мәңгі тұрмаймын.

Зарыңды кім тыңдайды?

Ертең келіп басқа жан,

Бақытыңды жырлайды. 

          

Аттанады мына күн,

Ашылады аспаның.

Шашылады аспанға,

Сенің жақұт тастарың.

Сонау алыс асқарға,

Асылады шашбауың.

Шашарайды басқа нұр,

Қосылады бастарың...

 

Қайырмасы

Advert's photo
Ақпарат демеушісі:
Сіздің жарнамаңыздың мәтіні
Advert's photo
Сіздің жарнамаңыздың мәтіні

Ақпаратпен бөлісу
Әлеуметтік желілерде осы ақпаратпен бөлісу:

Пайдаланушылар пікірлерінің тізімі

Пікір қосу үшін жүйеге кіріңіз немесе біздің сайтымызға тіркеліңіз

Бұл әнге әлі ешкім пікір қалдырған жоқ. Бірінші болыңыз!








©2021 - 2024. MediaStar.kz – қазақ әндерінің деректер қоры
Барлық құқықтар сақталған!

Яндекс.Метрика