№ | Авторлар тізімі | Авторлықтың түрі | ||
Сөзінің авторы | Музыкасының авторы | |||
1 | 2 | 3 | 4 | |
1. | Халық әні |
Басында Қамажайдың бір тал үкі
Айрылып Қамажайдан болдым күлкі
Айрылып Қамажайдан отырғанда
Келеді қай жерімнен ойын-күлкі
Қайырмасы:
Ахау хайлилайым, лилилайым,
Қамажай қалдың кейін сәулетайым
Қолында Қамажайдың алтын жүзік
Қамажай отыр ма екен көзін сүзіп
Көрмесе жарта сағат тұра алмаушы ед
Апырмай кетті ме екен күдер үзіп
Қайырмасы
Ертістің жағалауын жағалаймын
Мұз болса көк бестіні тағалаймын
Үш топтан таңдап алған Қамажайым
Өзіңді тоқсан қызға бағалаймын
Қайырмасы
Мал жақсы жылқы деген бағып жүрсе
Монына үкі-тұмар тағып жүрсе
Ішінен бір жорғаны таңдап мініп
Аулына Қамажайдың барып жүрсе
Қайырмасы