№ | Авторлар тізімі | Авторлықтың түрі | ||
Сөзінің авторы | Музыкасының авторы | |||
1 | 2 | 3 | 4 | |
1. | Алтынбек Қоразбаев | |||
2. | Исраил Сапарбай |
Қайран күндер кешегі,
Сайран күндер кешегі,
Көрген түстей көңілден
Қалайша өшеді.
Бақытыма балаған,
Жарға лайық санаған,
Жан серігім жалғанда,
Сен едің қалаған.
Қайырмасы:
Қиялмадым қимадым,
Қинадың-ау, қинадың.
Гүл орнына қайтейін
Саған мен мұң сыйладым.
Қарай бердің қиыла-ай,
Қоштасудың қиын-ай,
Қиын-ай, қиын-ай.
Саған ғана жан сырым,
Айтушы едім бал шырын,
Бірге кешкен күндер-ай
Мөп-мөлдір таңғы шық.
Шығар ма екен бәрі естен,
Көп күнгі анау жан естен,
Жылап жатыр жүрегім
Нәп-нәзік нәресте.
Қайырмасы
Ұя салған таңдайға,
Біз айтатын ән қайда,
Амал бар ма тағдырға
Жазылған маңдайға.
Ақ тілеуі арманға,
Сенен асқан жан бар ма,
Жаралайды жаныңды
Көзден жас тамғанда.
Қайырмасы