№ | Авторлар тізімі | Авторлықтың түрі | ||
Сөзінің авторы | Музыкасының авторы | |||
1 | 2 | 3 | 4 | |
1. | Гауһар Әлімбекова |
Қабағыма қар жауар сен болмасаң,
Өміріме нұр жауар сен қолдасаң.
Бақытымның шегі болмас еді-ау,
Үлбіреген үмітті сен жалғасаң.
Қайырмасы:
Жазармысың жүректің мұң жарасын,
Ертелі-кеш ойыма ораласың.
Қыз жүрегін жеткізу қиын екен,
Шыр айналып қалғандай саған басым.
Қара көзге қарашы қасыңдағы,
Ғашықтығымды көзім жасырмады.
Жұмбағын сол көздердің шешсем жаным,
Бақытымның есігі ашылғаны.
Қайырмасы
Алып-ұшып жүрегім алаңдаймын,
Затым нәзік болған соң бара алмаймын.
Тынысымды тарылтпай келсеңші өзің,
Бақ келгенде бас тартып қала алмаймын.
Қайырмасы