№ | Авторлар тізімі | Авторлықтың түрі | ||
Сөзінің авторы | Музыкасының авторы | |||
1 | 2 | 3 | 4 | |
1. | Ләйлә Әбдіғаниқызы |
Көктем келіп, жетті міне тағы да,
Мен отырмын жылай да алмай жабыға.
Өткен күндер көз алдыма, тізіліп,
Қарайлаймын қайтқан құстар тобына.
Қайырмасы:
Сүйемін сені, неге екенін білмеймін,
Білмеймін жаным, солған бір байғұс гүлдеймін.
Армандап сені, ойлаймын жатсам тұрсам да,
Жүрекке кейде ауырған тағат іздеймін.
Қош бол енді, менің сүйген арманым,
Қайда жүрсең, орындалсын арманың.
Бірақ-бірақ сүйіп өтем мәңгілік,
Жаным менің, жаным менің, ардағым.
Қайырмасы
Сағындым сені, сағымдай өткен күндерді,
Сені ойлап ұзақ ұйқысыз жатқан түндерді.
Жан досым айтқан үздіксіз сырды, арманды,
Менімен бірге мұңдасқан әсем гүлдерді.
Қайырмасы