№ | Авторлар тізімі | Авторлықтың түрі | ||
Сөзінің авторы | Музыкасының авторы | |||
1 | 2 | 3 | 4 | |
1. | Марат Ілиясов | |||
2. | Мұхтар Шаханов |
Алыстап кетті расында,
Суынып кетті-ау сезім де.
Сен мен қарсы аласың ба,
Аулыңа барған кезімде.
Кеудемде ізгі ой қалдырған,
Жан едің енді не деймін.
Шықпасаң шықпа алдымнан,
Мен саған өкпелемеймін.
Толғантқан осы көп мені,
Ажырап кетті жол неден.
Білмейсің оны өйткені,
Кезінде білгің келмеген.
Арман-ай, арман көктегі,
Жақын кеп сәлем берген ең.
Білмеппін соны өйткені,
Менің де білгім келмеген.
Сен соны іштей ұғына,
Көрсетпей маған жасыңды.
Тек менің адалдығыма,
Кеткенсің иіп басыңда.
Жоқ бұған қазір таласым,
Гүл едің жарқын жан алау.
Жоғалған заттың бағасын,
Соңынан білген жаман-ау!