№ | Авторлар тізімі | Авторлықтың түрі | ||
Сөзінің авторы | Музыкасының авторы | |||
1 | 2 | 3 | 4 | |
1. | Сабырхан Асанов | |||
2. | Шәмші Қалдаяқов |
Той басталды, Отырарда,
Сұлу Сырдың бойында.
Кеудесінде оты жанған,
Қызылқұмның қойнында.
Аңыздарда аты қалған,
Талай ақын толғаған.
Осындай той Отырарда,
Бұрын-соңды болмаған.
Қайырмасы:
Туған елім, ей!
Өскен жерім, асқар белім,
Сенсің әнім менің,
Сенсім менің.
Алақандай аялаған
Ардағым да өзіңсің.
Ақ тілегін аямаған
Арманым да өзіңсің,
Сендегі жас кәрінің де,
Қуанышы мол болсын,
Қазағымның әр үйінде,
Дәл осында той болсын.
Зіл қара жер қозғалғандай,
Палуандар алысқан.
Қызғалдақтай, қыздар қандай,
Көз тартады алыстан.
Сол қыздар да Отырарда,
Жүрек отын жалғаған.
Осындай той Отырарда,
Бұрын-соңды болмаған.
Қайырмасы
Отырардың күні бүгін,
Қайта туды жарқырап.
Жырлап жатыр ұлылығын,
Барлық аймақ, атырап.
Әнмен бірге тербетілем,
Күймен бірге толғанам.
Осындай той Отырарда,
Бұрын-соңды болмаған.
Қайырмасы
Ақ далаға қала салдық,
Ақ шатырдан тұрғызып.
Тартысады, шабысады,
Көкпар деген бір қызық.
Біреу жамбы атып алған,
Біреу жырды толғаған.
Осындай той Отырарда,
Бұрын-соңды болмаған.