MediaStar.kz
Қазақ әндерінің деректер қоры
Жүйеге кіру
Электронды пошта:
Құпиясөз:

Құпиясөзді ұмытып қалдым

Тіркелу









Әннің атауы
Әннің атауы:
Саржайлау
Топтама нөмірі және әннің деректер қорына тіркелген күні:
№1, 27 қазан 2021 жыл

Әннің тақырыбы:

Авторлар тізімі:
Авторлар тізімі Авторлықтың түрі
Сөзінің авторы Музыкасының авторы
1 2 3 4
1.Мұқағали Мақатаев
2.Нұрғиса Тілендиев
«
»
Ән орындаушыларының тізімі
Жүктеу
Жүктеу
Ән мәтіні

Жазира, жасыл кілем өрнектеген

Туған жерге, дариға, жер жетпеген!

Кең өлкем, әлдилей бер, сен деп келем,

Аңсап келеп, сағынып шөлдеп келем.

 

Қайырмасы:

Саумал бұлақ, балдай дәрім,

Салқын самал баурайларым.

Саялаған беу, туған жер,

Сағындырған Саржайлауым!

 

Армысың, ата-қоныс, жасыл мекен,

Ұланыңмын мен –сенің қасыңда өтем.

Басқаның жерұйығын неғылайын,

Жерұйығым өзімнің қасымда екен!

 

Қайырмасы

 

Жадырап, жұтайыншы тау самалын,

Осы еді ғой сағынып аңсағаным.

Гүлдерім, шыршаларым, аршаларым,

Бәріне арнап мен бүгін ән саламын.

 

Қайырмасы

 

Жанымды жырға бөлеп таң атырған,

Әнім едің ақ таңда жаратылған.

Төліңнен айналайын жаңа туған,

Айналайын еліңнен дара тұрған.

 

Қайырмасы

Advert's photo
Ақпарат демеушісі:
Сіздің жарнамаңыздың мәтіні
Advert's photo
Сіздің жарнамаңыздың мәтіні

Ақпаратпен бөлісу
Әлеуметтік желілерде осы ақпаратпен бөлісу:

Пайдаланушылар пікірлерінің тізімі

Пікір қосу үшін жүйеге кіріңіз немесе біздің сайтымызға тіркеліңіз

Бұл әнге әлі ешкім пікір қалдырған жоқ. Бірінші болыңыз!








©2021 - 2024. MediaStar.kz – қазақ әндерінің деректер қоры
Барлық құқықтар сақталған!

Яндекс.Метрика