MediaStar.kz
Қазақ әндерінің деректер қоры
Жүйеге кіру
Электронды пошта:
Құпиясөз:

Құпиясөзді ұмытып қалдым

Тіркелу









Әннің атауы
Әннің атауы:
Сен болмасаң
Топтама нөмірі және әннің деректер қорына тіркелген күні:
№1, 27 қазан 2021 жыл

Әннің тақырыбы:

Авторлар тізімі:
Авторлар тізімі Авторлықтың түрі
Сөзінің авторы Музыкасының авторы
1 2 3 4
1.Алтынбек Қоразбаев
2.Исраил Сапарбай
«
»
Ән орындаушыларының тізімі
Жүктеу
Жүктеу
Жүктеу
Ән мәтіні

Сен болмасаң бұл жалған,

Күнде уайым күнде арман,

Айналайын гүлім боп

Жүрегімде бүр жарған.

Сен болмасаң серігім,

Аялайды мені кім,       

Ертелі кеш сен жаққа

Елеңдейді көңілім.

 

Қайырмасы:

Сен болмасаң тірегім,

Кімге жылап күлемін,

Жүрегімде тілегің

Алақанда жүремін.

 

Сенсіз мынау жалғанда,

Өтер ме едім арманда,

Елжірейсің, балқисың

Мен әніме салғанда.

Сен арқылы жарығым,

Бақытымды таныдым,

Екеуімізге бір ғұмыр

Бере көрші тәңірім. 

 

Қайырмасы

 

Сен болмасаң аяулым,

Кімге құшақ жаямын,

Сағыныштың сазымен

Жүрегімде жазылған.

Сен болмасаң жанымда,

Жайқалмайды бағымда,

Менің ғазиз тағдырым

Сенің ғана жолыңда.

 

Қайырмасы

Advert's photo
Ақпарат демеушісі:
Сіздің жарнамаңыздың мәтіні
Advert's photo
Сіздің жарнамаңыздың мәтіні

Ақпаратпен бөлісу
Әлеуметтік желілерде осы ақпаратпен бөлісу:

Пайдаланушылар пікірлерінің тізімі

Пікір қосу үшін жүйеге кіріңіз немесе біздің сайтымызға тіркеліңіз

Бұл әнге әлі ешкім пікір қалдырған жоқ. Бірінші болыңыз!








©2021 - 2024. MediaStar.kz – қазақ әндерінің деректер қоры
Барлық құқықтар сақталған!

Яндекс.Метрика