MediaStar.kz
Қазақ әндерінің деректер қоры
Жүйеге кіру
Электронды пошта:
Құпиясөз:

Құпиясөзді ұмытып қалдым

Тіркелу









Басы » Барлық әндердің жалпы тізімі » Маржанкөл вальсі
Әннің атауы
Әннің атауы:
Маржанкөл вальсі
Топтама нөмірі және әннің деректер қорына тіркелген күні:
№3, 13 қараша 2021 жыл

Әннің тақырыбы:

Авторлар тізімі:
Авторлар тізімі Авторлықтың түрі
Сөзінің авторы Музыкасының авторы
1 2 3 4
1.Мұратхан Егінбаев
2.Садуақас Томашинов
«
»
Ән орындаушыларының тізімі
Жүктеу
Ән мәтіні

Ешқайдан таптырмайтын құтты бұл жер,

Ағайын арнап келіп көзіңмен көр.

Қартадан қарасаңыз әдейі іздеп,

Әйгілі Сарыарқада тұр Маржанкөл.

Маржанкөл шөбің шүйгін мамықтайын,

Таңдайды тамсандырған қымыз, майың.

Жарасқан айдынында аққу, қаздай,

Қасенбай, Құрқопамен, Уызбайың.

 

Қайырмасы:

Жүректе жүрген дәйім,

Атыңнан айналайын.

Жаны жайсаң дархан елім,

Мамыражай Маржанкөлім.

 

Отырсам ойым толқып түседі еске,

Ақ бесік, ала жібің тұсау кескен.

Ұл-қызың, бір ұлыс ел, ұлы көште,

Бір үйдің баласындай өзіңде өскен.

Ақ бата, қабыл болып тілектерің,

Қияға қонақтаған түлектерің,

Сағынса балалық шақ балғын кезін,

Соғады Маржанкөл деп жүректері.

 

Қайырмасы    

Advert's photo
Ақпарат демеушісі:
Сіздің жарнамаңыздың мәтіні
Advert's photo
Сіздің жарнамаңыздың мәтіні

Ақпаратпен бөлісу
Әлеуметтік желілерде осы ақпаратпен бөлісу:

Пайдаланушылар пікірлерінің тізімі

Пікір қосу үшін жүйеге кіріңіз немесе біздің сайтымызға тіркеліңіз

Бұл әнге әлі ешкім пікір қалдырған жоқ. Бірінші болыңыз!








©2021 - 2024. MediaStar.kz – қазақ әндерінің деректер қоры
Барлық құқықтар сақталған!

Яндекс.Метрика