№ | Авторлар тізімі | Авторлықтың түрі | ||
Сөзінің авторы | Музыкасының авторы | |||
1 | 2 | 3 | 4 | |
1. | Мұратхан Егінбаев | |||
2. | Садуақас Томашинов |
Бұрымдай арқадағы түскен белге,
Көсілген көл-дария құт боп елге.
Сағымдай сары алтын дән алқабында,
Нұраның шуақ болды нұры жерге.
Нұра менің берекем,
Нұра менің мерекем.
Тәлім берген тербеген,
Ақ бесігім сен екен.
Есілдің егізіндей қатар ағып,
Болғанда алты алашқа ашық қанық.
Ұядан шыңға шыққан ұландары
Паш етіп қадіріңнің асары анық.
Нұра менің мақтаным,
Алғаш атқан ақ таңым.
Сенде өткен бал дәурен,
Ең бақытты шақтарым.
Болған жан біздің елде, Нұра жақта,
Тамсанып талай жылдар жүрер мақтап.
Шолпыдай қасиетін Қараталдың,
Тұрғандай тұлымында сәнін сақтап.
Нұра алтын мекенім,
Аңсап саған жететін.
Қойның толы қазына
Ырыс толы етегің.